Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесінің қорытындысы: ЕАЭО-да электрондық автотөлқұжаттар жүйесі енгізілетін болады, балалардың ойын алаңдары қауіпсіздірек болады, металлургия саласында Еуразиялық инновациялар орталығы пайда болады

ЕЭК Кеңесінің қорытындысы: ЕАЭО-да электрондық автотөлқұжаттар жүйесі енгізілетін болады, балалардың ойын алаңдары қауіпсіздірек болады, металлургия саласында Еуразиялық инновациялар орталығы пайда болады

17.05.2017

17 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде электрондық автотөлқұжаттар жүйесін енгізу, дәрілер және медициналық бұйымдар нарығын реттейтін нормативтік актілерді әзірлеу, илік заттарға және илеуге арналған препараттарға қатысты кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесін төмендету мәселелері талқыланды. Бұған қоса, «Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент қабылданды және Комиссия бұрын қабылдаған кейбір шешімдерге өзгерістер енгізілді.

Қырғыз Республикасы үкіметінің вице-премьер-министрі Олег Панкратов ЕЭК Кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер көпқырлы сипатта болғанын атап өтті. «Сонымен бірге олардың шешімі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграциялық процестердің одан әрі қарышты дамуының ажырамас шарты болып табылады. Отырыс барысында біз мәселелердің басым бөлігі бойынша консенсусқа келуге мүмкін болды», – деп мәлімдеді Олег Панкратов отырыс қорытындысы бойынша. 

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО «Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін қабылдады. Онда балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтар мен жабындылардың қауіпсіздігіне және олармен байланысты жобалау, өндіру, монтаждау, пайдалану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды белгіленген. Атап айтқанда, жабдықтың конструкциясы оның беріктігін және орнықтылығын қамтамасыз етуі, ортаның агрессиялық дәрежесін ескере отырып, коррозиядан және ескіруден қорғалған болуы тиіс. Жабдықта баланың денесі немесе киімі  кептеліп қалмауы тиіс, үшкір ұштар немесе жиектер болмауы тиіс. Нақтырақ: https://goo.gl/LN2oRP​ 

Қабылданған құжат балалардың ойын алаңдарын «балалардың ойнауына арналған арнайы жабдықталған және сәйкес жабдықтар мен жабындыларды қамтитын аумақ» ретінде айқындайды және балалар төбешіктеріне, әткеншектерге, карусельдерге, аспалы жолдарға, қалашықтарға, ойын жабдықтарына, қалашықтар мен ойын кешендерінің жабдықтары мен элементтеріне, соққыны жеңілдететін жабындыларға қолданылады.

ЕЭК Кеңесінің шешіміне сәйкес балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың техрегламенті 2018 жылғы қарашада күшіне енеді.

Бұған қоса, ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне өзгерістер енгізілді. ЕАЭО-ның ветеринариялық бақылау саласындағы құқықтық актілерді қолдану практикасын зерделеп, ЕЭК бұршақ тұқымдас көкөністер бірыңғай тізбеде болмағанын, ал азықтық қоспалар әкелу кезінде ЕАЭО СЭҚ ТН кодының атауынан ерекшеленетін атаумен декларацияланғанын анықтады.

Тауарларды тізбеге қосу Одаққа мүше мемлекеттерде эпизоотикалық әл-ауқатты сақтау мақсатында оларға ветеринариялық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұршақ тұқымдас көкөністер және азықтық қоспалар жануарлардың азығына пайдаланылады, бұл жануарларды өсіру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы кезеңде, сондай-ақ жануардан алынатын өнімді өндіру және өңдеу кезінде ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру ветеринариялық тәуекелдерді төмендетуге және ауыл шаруашылығы өнімін қадағалап отырудың «өрістен үстелге дейін» қағидатын іске асыруға мүмкіндік береді.

Отырыс барысында талқылау қорытындылары бойынша ЕЭК Кеңесі бұршақ тұқымдас көкөністер мен азықтық қоспаларды Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізу туралы шешім қабылдады.

6 мамырда ЕАЭО елдерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай нарығы жұмыс істей бастады. ЕЭК Кеңесінің мүшелері нарықтық институттардың тиімді жұмыс істеуін, тауарларды өткізу кезінде тосқауылдардың, кедергілердің және шектеулердің болмауын, тұтынушылардың қауіпсіздігін және өндіріс сапасын қамтамасыз ететін нормативтік база құрудың маңыздылығын атап өтті. ЕЭК Алқасына ЕАЭО мемлекеттерінің уәкілетті органдарымен бірлесіп 2017-2019 жылдары 25 құжатты әзірлеу және қабылдау тапсырылды, олардың 20-сы дәрілік заттардың айналысына және 5-уі медициналық бұйымдардың айналысына қатысты. Олардың арасында – Дәрілік препараттардың және фармацевтикалық субстанциялардың тұрақтылығын зерттеуге қойылатын талаптар; Дәрілік заттардағы қоспаларды зерделеу және ерекшеліктерде оларға қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі қағидалар; Дәрілік өсімдік шикізатын өсіру, жинау, сақтаудың тиісті практикасы қағидалары (GACP); Клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары; Дәрілік препараттардың дозасын ірікт
у жөніндегі нұсқаулық және т.б. 

Нормативтік актілерді Беларусь, Қазақстан және Ресей өкілдері әзірлейді (сәйкесінше, 8, 5 және 12 құжат). Жобаларды жұмыс топтары мақұлдағаннан кейін олар жария талқылау үшін ЕАЭО құқықтық порталына орналастырылатын болады (https://goo.gl/QIDhCF​).

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО елдерінде электрондық автотөлқұжаттар жүйесін енгізу қажеттілігін тағы да растады және Одақ елдерінің үкіметтеріне жүйені тәжірибелік пайдалануды тез арада бастауды қамтамасыз ету және барлық мүдделі тұлғалардың электрондық инфрақұрылымды пайдалану мүмкіндігін беру үшін қажетті бірқатар нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды ұсынды.

Атап айтқанда, электрондық төлқұжаттар жүйесінің әкімгерімен өзара іс-қимылды, ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының және төлқұжаттар ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын, өздігінен жүретін машиналарды және техниканың басқа да түрлерін ұйымдастырушы-шығарушылар бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігін қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз ететін ұлттық органдар анықталуы тиіс. Осы саладағы басқа да нормативтік актілер электрондық төлқұжаттары; төлқұжат ресімдеу және оған өзгерістер енгізу кезінде мемлекеттік билік органдары және электрондық төлқұжаттар жүйесінің әкімшісі ұсынатын қызмет көрсетудің мөлшері және ақы төлеу тәртібі болған кезде көлік құралдарына қатысты тіркеу іс-әрекеттерін жүзеге асыру мүмкіндігін белгілейді.

Бұдан басқа, Одақ елдері ұлттық үкіметтерінің үндеуіне байланысты, ЕЭК Кеңесі Комиссия Алқасына кезекті отырыста техпаспорттардың электрондық жүйесіне ауысу мерзімін, өтпелі кезеңнің ұзақтығын, құжаттамалық (қағаз) және құжаттамалық емес құжаттарды параллель пайдалану мүмкіндігін және жүйені тиімді пайдаланумен байланысты басқа да бірқатар мәселелерді қарауды тапсырды.

ЕЭК Кеңесі илеу заттарына және илеуге арналған препараттарға қатысты ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажы мөлшерлемесін нөлге теңестіруді көздейтін шешім қабылдады. Әрлеу материалдары ретінде тері-аяқ киім өнеркәсібінде пайдаланылатын ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ ТН) 3202 90 000 0 субпозициясы тауарлары туралы әңгіме болып отыр. 

«Кедендік әкелу бажының нөлдік мөлшерлемесі қоса алғанда 2019 жылғы 30 маусымға дейін илеу заттарына және илеуге арналған препараттарға қатысты қолданылатын болады, – деп хабарлады ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина. – Қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінде осы субпозицияға сәйкес келетін илеу заттарын және илеуге арналған препараттарды өнеркәсіптік өңдеудің болмауына байланысты, біз қабылдаған шешім ЕАЭО-да былғары, тері галантереялық өнімдерді және аяқ киімдерді қолдауға ықпал ететін болады. Атап айтқанда, оны іске асыру соңғы өнімнің өзіндік құнын және оны қңдеуге кеткен шығынды азайтуға, сондай-ақ өнімнің осы түрлерін өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді».

2016 жылы алыс шет елдер мен ТМД елдері тауарларының ЕАЭО аумағына импортының көлемі ЕАЭО СЭҚ ТН 3202 90 000 0 субпозициясында 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сандық тұрғыдан 32%-ға артқан және 3,85 млн АҚШ доллары сомасында 2,5 мың т. құрады.

Комиссия Кеңесінің шешімі ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізелік 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.

ЕЭК Кеңесі Комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 32 өкіміне оны «Металлургия технологиялары және жаңа материалдар» Еуразиялық инновациялық технологиялық платформасы (ЕТП) қызметінің мақсаттары, міндеттері, негізгі бағыттары туралы ақпараттармен, сондай-ақ құрылтайшылары туралы деректермен толықтырып, өзгерістер енгізді.

Бұл қазірдің өзінде ЕАЭО шеңберінде құрылған он екінші технологиялық платформа. Ол Одаққа мүше төрт мемлекеттің ғылыми және ғылыми-өндірістік ұйымдарын біріктіреді. Оның қызметінің мақсаты әзірлеме негізінде өндіріс бойынша инновациялық металлургиялық өнімінің және материалдардың жаңа буынының қазіргі заманғы саласын құру, сондай-ақ сериялық өндіріске энергиялық тиімді және ресурс үнемдеуші технологияларды ендіру болып табылады.

Техплатформа базасында болуы мүмкін перспективалы жобалар қазіргі заманғы технологиялар қол жеткізбеген қасиеттері бар өнімдер мен бұйымдарды (смарт-материалдар, биоматериалдар, метатұрақты күйдегі материалдар, беттік инженерия негізінде алынған өнімдер) алуға мүмкіндік береді. Нақтырақ мұнда: https://goo.gl/9uv9tW​