Жүйеге кіру
ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

17.05.2018

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Қытай Халық Республикасы (ҚХР) арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге 17 мамырда Астана экономикалық форумы шеңберінде қол қойылды.

ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян, Армения Республикасының вице-премьер-министрі Тигран Авинян, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары  Василий Матюшевский, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары  Асқар Мамин, Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі Замирбек Аскаров, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Козак және ҚХР-дың министр мәртебесіндегі  халықаралық сауда өкілі  Фу Цзыин өз қолдарын қойды.

«Еуразияның бірыңғай экономикалық кеңістігін қалай құруға болады?» деп аталған панельдік пікірсайысқа қатысушылар келісімге қол қоюдың нәтижелерін, өзара іс-қимылды, атап айтқанда,  ЕАЭО мен Қытайдың «Бір белдеу - бір жол» бастамасын ұштастыру шеңберінде одан әрі дамыту варианттарын, Одақтың барлық елдері мен Қытайдың технологияларын, шикізаттары мен капиталдарын біріктіретін жаңа кооперациялық жобаларды талқылады. 

Тигран Саркисян өз сөзінде ЕАЭО басшылыққа алған барлық есептеулер, дәлелдер өзін өзі ақтағанын атап көрсетті. «Келіссөз процесі біз қозғаған барлық тақырыптардың өзектілігін және біздің елдеріміздің ҚХР-мен өзара іс-қимылды тереңдетуге, кеңейтуге  мүдделі екендігін дәлелдеді», - деп мәлімдеді ол.

ЕАЭО елдері мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 100 млрд АҚШ долл.асты. ЕАЭО-ның ҚХР-ға экспорты өткен жылы 40% өсті. Одақ елдері үшін экспорттың әртараптандырылуы қағидаттық тұрғыда маңызды. Қазір бұл шикізаттық тауар ғана емес, соның ішінде машина жасау өнімі.

ЕЭК Алқасының Төрағасы бүгінгі әлемдік экономикадағы қозғаушы күш Азия болып табылатынын және ЕАЭО елдерінің барлығы да осы нарыққа шығуға мүдделі екенін атап өтті. «ҚХР-да  ішкі тұтынуға бағдарланған экономикалық өсудің  жаңа  тұжырымдамасы шеңберінде тұтынудың артуы біздің шаруашылық жүргізуші субъектілеріміздің Қытай Халық Республикасына, тұтастай Азия өңіріне экспортты ұлғайтуға  дайын болуға тиіс екендігін білдіреді,- деп есептейді ол.- Біз күшті бәсекелестіктің шындығында өмір сүруге үйренуге тиіспіз».

Одақ елдерінің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін келісім жаңа мүмкіндіктер ашады. «Осы бәсекелестікті жағдайларда, өзіміздің салыстырмалы артықшылықтарымызды көрсете отырып, біз, бұл преференциялы емес келісім болса да, оған өзара іс-қимылдың  өте айқын шеңберлерін береміз. Осы келісімге салынған жаңа шеңберлер, біздіңше,  елдеріміздің  экономикалық өсуін ынталандыра алатын және стратегиялық  артықшылықтарды іске асыра алатын сияқты»,- деп атап көрсетті Тигран Саркисян. Оның пікірі бойынша, бұл шеңберлер биылғы мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол жеткізілген нақты мегажобаларды іске асыру туралы уағдаластыққа   қуатты  серпін береді.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары  Асқар Мамин Қытаймен көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы ынтымақтастыққа айрықша назар аударды. «Соңғы жылдары Қазақстан өзінің көлік инфрақұрылымын белсенді инвестициялап, ауқымды жаңғырту жүргізді. Бұл автомобиль жолдарына да қатысты. Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізі учаскесі екі жыл бұрын аяқталды. Қазір Ресей учаскесінің аяқталуын күтіп отырмыз, бұл  біздің елдеріміздегі транзит арқылы Батыс Қытай мен Батыс Еуропаны жалғастыратын бір дәліз болады»,- деді Асқар Мамин.

Басқа бағыт – теміржол инфрақұрылымын дамыту. 2020 жылға қарай Қазақстан аумағы бойынша транзиттен 5 млрд  АҚШ долл. алуды жоспарлап отыр. Ол  осы жоба бойынша ЕАЭО шеңберінде  Қазақстан Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен қазірдің өзінде жұмыс істеп жатқанын атап өтіп, бұған Қырғызстан мен Армения да қосылады деген үміт білдірді.

«ЕАЭО тұрғысынан келгенде, біздің елдеріміздің өзара іс-қимылының жолға қойылғаны әрі Одақтың  үшінші елдермен халықаралық  және көпформатты ынтымақтастығының кеңеюі – біз ұмтылуға тиісті болатын болашақ»,- деп мәлімдеді Армения Республикасының вице-премьер-министрі Тигран Авинян. Бұл ретте ол өңірдегі интеграция жаһандық бола түсті деген пікір білдірді. Бұл процеске Еуропа да қосыла алады.

Сондай-ақ ол Арменияның  ғасырлар бойы Жібек жолының бір буыны болғанына назар аударды. «Қазіргі сәтте де біз Жібек жолының Экономикалық белдеуінің жобасына қатысудамыз, Солтүстік – Оңтүстік жобасы шеңберінде жолдар салынуда, ашық аспан саясаты  және басқа бірқатар жобалар іске асырылуда»,- деп хабарлады Тигран Авинян.

Дәстүрде Беларусь әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі жылдамдықтағы интеграцияның, экономикалық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ ЕО арасындағы, ЕАЭО мен ҚХР арасындағы интеграциялардың интеграциясының жақтаушысы болып табылады, бұл жаһандық сын-қатерлерге жауап бола алады, деп атап көрсетті Беларусь Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары  Василий Матюшевский. Мұндай интеграция үшін негіз жаһандық инфрақұрылымдық жоба болып табылады. «Біздің міндетіміз -  тиімді көлік-логистика дәлізін құру»,- деп түсіндірді ол.- «Біздің ойымызша,  егер біз цифрлық көлік-логистика дәлізін, бірінші кезекте Батыс – Шығыс дәлізін құру туралы айтатын болсақ, онда  жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік бар»,- деп хабарлады Василий Матюшевский.

Беларусь Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары «Бір белдеу – бір жол»  бастамасы шеңберінде Беларусь ҚХР-мен бірлесіп қазірдің өзінде Беларусь-Қытай индустриалдық паркін құру жөніндегі жобаны іске асырғанын, мұның цифрландыру элементтері бар жаһандық хаб болатынын айтты. Бұл парктің  қатысушылар құрамына Еуропалық хаб та енді. Сөйтіп, интеграциялардың интеграциясы үшін негіз қалануда, деп есептейді Василий Матюшевский.

Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі Замирбек Аскаров Қытай елде көп жылдар бойы жобаларды ойдағыдай  жүзеге асырып келе жатқан Қырғызстанның елеулі инвестициялық әріптесі болып табылады деп баяндады. Республикада қазірдің өзінде Қытайдың қатысуымен 400-ден астам кәсіпорын іске қосылған, қызмет  көрсету, өңдеу, кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салаларын қоса, өнеркәсіптің әртүрлі салаларында ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда. «Бүгінгі келісім жасасу біздің елдеріміздің арасындағы барлық секторлар бойынша ынтымақтастыққа ықпал ететін болады деп ойлаймын»,- деп қорытындылады Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі.

Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Козак Одақ пен ҚХР арасындағы қол қойылған келісімді тарихи деп атады, өйткені ол тұтастай алғанда Одақтың, жекелей алғанда әрбір елдің мүдделерін барынша ескеруге мүмкіндік беретін мемлекеттік реттеудің әртүрлі бағыттары бойынша өзара іс-қимылдың осындай механизмін, сондай-ақ бизнестің мүддесін, ұлттық және ұлтүсті деңгейлерде реттеудің ашықтығы мен болжамдылығын қамтамасыз етеді, онда техникалық, санитариялық және фитосанитариялық реттеудің, кедендік өзара іс-қимылдың мәселелері көрініс тапқан. «Мен бұл келісімнің Үлкен Еуразиялық әріптестіктің алдағы құрылысы үшін берік іргетас болатынына нық сенімдімін, бұл әріптестік ҚХР болмаса құрылмайды»,- деп түйіндеді Дмитрий Козак.

Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Ресей үшін Қытайдың жетекші сауда-экономикалық әріптесі болып табылатынын атап көрсетті. «ҚХР-мен арадағы үйлестіру сияқты мұндай аралас-құраластық механизмі әлемнің бірде бір елінде жоқ»,- деп хабарлады Дмитрий Козак.

Қытайдың  халықаралық сауда өкілі  Фу Цзыин бұдан бес жыл бұрын Си Цзиньпин «Бір белдеу - бір жол» бастамасын көтергенін, ал бүгін бейжаһандану және қолдампаздық аясында көпжақты келісімге қол қойылғанын атап өтті. «Бір белдеу - бір жол» және ЕАЭО жобалары шеңберіндегі ынтымақтастық біздің өзара іс-қимылымыздың түбірлі бағыты болып табылады. Бұл біздің елдеріміздің арасындағы сауда рәсімдерін жеңілдету үшін ғана өте маңызды емес. Мен мұндай қол қою  біздің елдеріміздің экономикаларының өсуіне жәрдемдесу және біздің халықтарымыздың тіршілік деңгейі стандартын арттыру үшін үлкен рөл атқарады деп ойлаймын»,- деп атап көрсетті Фу Цзыин.

Қытай өкілі тараптар ынтымақтастығының электрондық сауда саласындағы басымдығына ерекше көңіл аударды. Оның пікірі бойынша,  цифрлық экономика дәуірінде Қытай мен ЕАЭО мүшелері арасындағы болашақ сауда үшін жақсы жағдайлар жасалатын болады.

Пікірсайысты оның модераторы, ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті Виктор Христенко: «Қол қойылған келісімде болашақта ЕАЭО үшін де, ҚХР үшін де маңызды болып табылатын тұтастай секторлар жиыны белгіленген. Ынтымақтастық ЕАЭО мен Қытайдың ұзақ перспективадағы өзара іс-қимылының өзекті арқауы қандай деген сұраққа жауап беруге тиіс, өйткені инфрақұрылым – біржола дерлік», - деп қорытындылады.