Жүйеге кіру
Нұрлан Алдабергенов Қазақстанның БАҚ басшыларымен кездесу өткізді

Нұрлан Алдабергенов Қазақстанның БАҚ басшыларымен кездесу өткізді

17.06.2014

13 маусым күні Астана қаласында Қазақстандағы Тілшілер күнін мерекелеу қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нурлан Алдабергенов Қазақстанның жетекші республикалық масс-медиа басшыларымен кездесті.

Кездесу ашық диалог режимінде «Бас редакторлар клубы» қазақстандық қоғамдық бірлестігінің қамқорлығымен өтті. Іс-шараның модераторы белгілі тілші, БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасының Президенті Сыйақысының лауреаты, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестіктің президенті Бибигуль Жексенбай болды. Іс-шараға «Казахстанская правда», «Литер», «Айқын», «Туркестан», «Егемен Қазақстан», «Человек и закон», «Жас қазақ», ««Президент және халық» республикалық газеттердің басшылары;  «Хабар», «31 канал», «Қазақстан», «СТВ» ұлттық телекомпания, «КазТАГ», «Казинформ» және т.б. ақпараттық агенттіктердің өкілдері қатысты. 

Әңгімелесу барысында Нұрлан Алдабергенов Еуразиялық экономикалық комиссияның «бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу» бағыты бойынша қызметі туралы толығырақ әңгімелеп өтті. Атап айтқанда, Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістікке (БЭК) мүше-мемлекеттердің басшылары өткен жылдың қазан айында қабылдаған, Бәсекелестік туралы модельдік заң нормаларына екпін қойылды. Осы ұсыным сипатындағы құқық актісін әзірлеу маңыздылығы КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің экономикалық қатынастарының құқықтық реттелуін жақындастыру қажеттілігімен негізделді. Нұрлан Алдабергеновтің пікірі бойынша, Бәсекелестік туралы модельдік заң БЭК-ке үш мүше-мемлекеттің бәсекелестік туралы заңындағы және әлемдік монополияға қарсы тәжірибедегі барлық оң нормаларды қабылдаған. Осы заңда монополияға қарсы органдардың қызметтері мен өкілеттіктерін белгілейтін нормалар, соның ішінде бәсекелестік туралы заңнаманың қадағалануын бақылаған кезде монополияға қарсы органның лауазымдық тұлғаларының құқықтары, сонымен қатар монополияға қарсы органның шешімдерін қабылдау және шағым жасау тәртібі жазылған.  

Сондай-ақ, Нұрлан Алдабергенов жасаған баяндамасында Қазақстан Республикасының Кеден одағына енуіне дейінгі және кейінгі импорттық және экспорттық жеткізілімдердің көлемдері туралы, БЭК-ке трансшекаралық нарықтарда жасалған бұзушылықтарды бақылау өкілеттіктерін табыстау туралы, өз бөлімшесінің артықшылықты міндеттері туралы хабарлады. 

Өз кезегінде, БАҚ басшыларын КО мен БЭК мүше-мемлекеттер арасындағы өзара тауар айналым бойынша мәселелер, БЭК жүргізіп жатқан трансшекаралық нарықтардағы жұмыстар қызықтырды. Ағымдағы жылдың мамыр айында қол қойылған және тарихи оқиға болған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт үлкен қызығушылық тудырды. Бұл құжаттың маңыздылығын ескере отырып, Нұрлан Алдабергенов ықпалдастық үрдістеріне қатысты ақпаратты халыққа жеткізу және түсіндірудегі БАҚ маңызды рөлін баса айтты және осы одақтың басымдылықтарының объективті сипатталуына сенімін білдірді. 

Мұндай кездесулердің қажеттігі мен өзектілігін атап өте отырып, Нұрлан Алдабергенов, қатысушыларға үндеу жасап: «Бұқаралық ақпарат құралдары – қазіргі заманғы қоғамның маңызды институттарының бірі. Жалпы қоғам санасының қалыптасуы, жұмыс істеуі және эволюциясындағы сіздердің рөлдеріңіз зор. Бүгінгі күні еуразиялық жобаға қатысушылар үшін ашылып жатқан келешек туралы ақпаратты өз аудиторияңа жеткізу керек, ықпалдасатын мемлекеттердің қоғамына кезігетін проблемаларды объективті ашу керек», - деп баса айтты.

Мұндай кездесулердің форматы дәстүрлі болып табылатынын атап өте отырып, Нұрлан Алдабергенов қатысушыларға сындарлы әңгіме үшін алғысын білдірді және алдағы кәсіби мереке – Тілшілер күнімен құттықтады.

Кездесуді аяқтай отырып, Бас редакторлар клубының президенті Бибигуль Жексенбай, бірлестіктің мүшелері өзара тиімді үрдісті идеялық және тәжірибелік іске асыру жолындағы серіктестік қатынастарды, өзара қызығушылықты  көрсету мақсатында КО мен БЭК мүше-мемлекеттерден әріптестерімен одан әрі өзара әрекеттесуге және Клуб алаңын ұсынуға дайындығын растады.