Жүйеге кіру
ЕАЭО-да мемлекеттердің бағамдық саясат жөніндегі консультациялық кеңесі құрылады

ЕАЭО-да мемлекеттердің бағамдық саясат жөніндегі консультациялық кеңесі құрылады

17.07.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы 16 шілдеде кедендік және техникалық реттеу, қаржы саясаты, сауда, бәсекелестік, цифрландыру, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің ішкі нарығының жұмыс істеуі саласындағы мәселелерді қарады.

ЕЭК Алқасы ЕАЭО мемлекеттерінің бағамдық саясат жөніндегі консультациялық кеңесі туралы келісім жобасын мақұлдады.

Құжат Одақ туралы шарт ережелерінің негізінде әзірленген. Онда бағамдық саясатты үйлестіруді құрамына Одақ мемлекеттерінің ұлттық (орталық) банктерінің басшылары кіретін жеке орган жүзеге асыратыны айтылған.

Келісім жобасында Кеңестің міндеттері, функциялары, құрамы мен өкілеттіктері айқындалған, сондай-ақ шешімдер қабылдау тәртібі мен рәсімдері белгіленген. Кеңес міндеттерінің арасында - бағамдық саясат бойынша ұлттық (орталық) банктер арасындағы ынтымақтастықты дамыту және тереңдету, ішкі валюта нарықтарында тұрақсыздықтың себебі болуы мүмкін осалдық пен сыртқы күйзелістің ықтимал көздерін сәйкестендіру және ұлттық валюталар бағамдарының өзара ауытқуын арттыру және басқа міндеттер бар.

Құжат мемлекетішілік келісуді жүргізу үшін Одақ елдеріне жіберілетін болады.

ЕЭК Алқасы бетон араластырғыштар мен ерітінді қоспалауыштардың (ЕАЭО СЭҚ ТН 8474 31 000 1 коды) жекелеген түрлеріне қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелу бажының ставкасын екі жыл мерзімге 0%-дан 5%-ға дейін арттыруға шешім қабылдады. Мұндай шешім Ресей Федерациясының ұсынысын қарау қорытындысы бойынша қабылданды. Ол Одақ елдеріндегі тұрмыстық бетонараластырғыштар мен езіндіқоспалауыштар шығарушыларды қолдауға және мүдделерін қорғауға бағытталған.
Оператордың көтерілетін сатысы бар, периметрі бойынша қиғаш тіреулермен біріктірілген, бойлық арқалықтардан тұратын металл құрастырылымды білдіретін мұнара краны секциясын ЕЭК Алқасы сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының 8431 тауар позициясында сыныптады.
ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың 2019-2020 жылдарға арналған нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесін қалыптастыру және жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.
Комиссия қызметінің жекелеген салалары бойынша сыныптауыштар мен анықтамалықтар әзірлеу және бекіту, жекелеген халықаралық анықтамалықтар мен сыныптауыштардың жергіліктілендірілген версияларын енгізу және қолдану тәртібін айқындау, сондай-ақ қажетті әдіснамалық құжаттар әзірлеу жоспарлануда.
Жоспардың іс-шараларын іске асыру нәтижесінде ЕАЭО-ның нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына отыздан астам анықтамалықтар мен сыныптауыштар қосылатын болады.