Жүйеге кіру
Тигран Саркисян: «Еуропалық және Еуразиялық экономикалық одақтар арасындағы қатынастар өзара пайдалы дамудың зор әлеуетіне ие»

Тигран Саркисян: «Еуропалық және Еуразиялық экономикалық одақтар арасындағы қатынастар өзара пайдалы дамудың зор әлеуетіне ие»

17.07.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Урсула фон дер Ляйенді Еуропалық комиссия Төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтады.

Құттықтауда: «Сіздің бай тәжірибеңіз бен біліміңіз Еуропалық одақты нығайтуға ықпал ететініне және бүкіл континентте интеграциялық процестердің дамуы үшін ынталандырма болатынына сенімдімін» делінген.

Тигран Саркисян Еуропалық және Еуразиялық экономикалық комиссиялар арасындағы 2017 жылы басталған техникалық диалог жалғасады және тереңдейтін болады деп үміт білдірді. «Еуропалық және Еуразиялық экономикалық одақтар арасындағы қатынастар өзара пайдалы дамудың зор әлеуетіне ие. Экономикалық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ашық әрі сенімді қарым-қатынастар орнайды деп сенім артамыз»,- деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының Төрағасы.