Жүйеге кіру
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев ортақ қаржы нарығын тездетіп іске қосу үшін үш еркіндік: тауарлардың, қызметтер көрсету мен жұмыс күші бойынша интеграцияға шақырды

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев ортақ қаржы нарығын тездетіп іске қосу үшін үш еркіндік: тауарлардың, қызметтер көрсету мен жұмыс күші бойынша интеграцияға шақырды

17.10.2016

13 қазанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министрі) хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев «ЕАЭО кеңістігіндегі қаржылық реттеу: проблемалар және перспективалар» атты бірінші халықаралық конференцияда құттықтау сөз сөйледі. Ол Еуразиялық экономикалық одақта ортақ қаржы нарығын қалыптастыру туралы әңгімелеп берді. Іс-шараны Еуразиялық экономикалық комиссия мен Ломоносов атындағы ММУ ұйымдастырды.

«Ортақ қаржы нарығы бүкіл өңірлік кеңістіктің қаржылық инфрақұрылымын есепке алмай, жұмыс істей алмайды. Мұның бәрі Одақ мемлекеттері басқа үш еркіндік: тауарлар, қызметтер көрсету мен жұмыс күші қозғалысы бойынша қалай жылдам өзара интеграциялана алатындығына байланысты болмақ», - деп баса айтты Асқар Кішкембаев.

ЕЭК өкілі айтып өткендей, Комиссия базисті негіз – нормативтік базаны құруда әрі реттеуші органдардың қаржы нарықтарына қатысушыларды қадағалауының ортақ құралдары мен рәсімдерін әзірлеуде. Елдер қол қойған, Реттеушілер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы тиісті келісім осы қадағалауды трансшекаралық деңгейде түзуге мүмкіндік береді.

Реттеу мен қадағалауға қойылатын бірыңғай талаптар және ортақ тәсілдемелер – интеграцияның сапалық тұрғыдан жаңа деңгейіне қол жеткізу: қаржы нарығына қатысушылардың лицензияларын өзара тану үшін қажетті баспалдақтар. «Бұл лицензияны бір елде алып, қаржы қызметін бүкіл Еуразиялық экономикалық одақта жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді Асқар Кішкембаев.

Ортақ қаржы нарығын құру қаржы нарығына қатысушылар арасында бәсекелестікті күшейтуге алып келеді және келешекте қызметтер көрсету сапасын жақсартуға әрі олардың кейбіреуін арзандатуға ықпал етуі мүмкін.

Жалпы отырыста Ресей Федерациясы Қаржы министрінің орынбасары Алексей Моисеев, Ресей Федерациясы Орталық банкі төрағасының бірінші орынбасары Алексей Симановский, РФ ОБ Қаржы нарықтарын дамыту департаментінің директоры Елена Чайковская, ТМД Мемлекетаралық банкінің президенті Игорь Суворов сөз сөйледі.

ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің өкілдері пікірталастарға белсене қатысып, «Интеграцияланған нарықты және ұлттық валюталарда жасалатын операцияларды дамытудағы ЕАЭО қаржы инфрақұрылымының рөлі», «Еуразиялық экономикалық одақтың қаржы нарықтарының заңнамасы мен реттелуін үндестіру», «Ортақ қаржы нарығын құру – даму перспективалары, күтілетін архитектура» атты панельдік секцияларда сөз сөйледі.

Іс-шараға мүше мемлекеттердің ұлттық банктері мен қор биржаларының, қаржы нарығындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері де қатысты.