Жүйеге кіру
Александр Субботин: «Біздің басымдығымыз – ЕАЭО нарығына қол жеткізудің тең жағдайлары кезінде ұлттық өндірушілерді қолдау»

Александр Субботин: «Біздің басымдығымыз – ЕАЭО нарығына қол жеткізудің тең жағдайлары кезінде ұлттық өндірушілерді қолдау»

17.10.2019

Бұл туралы Еуразиялық  экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин  Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағындағы  комбайндар шығаратын аса ірі кәсіпорын – «Ростсельмаш» зауытына  барған сапары кезінде мәлімдеді. Іс-шараға  сондай-ақ зауыт басшылығының және Ростов облысы үкіметінің өкілдері қатысты.

«Ростсельмаш» комбайн зауыты алаңындағы жұмыс кеңесі шеңберінде ұлттық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер үшін ЕАЭО нарығына қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.  

 

«Бұл мәселелер ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер үшін сезімтал болып табылады. Біз оларды талқылау және шоғырландырылған позиция тұжырымдау үшін ЕЭК алаңын ұсынуға әзірміз», – деп атап көрсетті Александр Субботин.


Министр сапар барысында сондай-ақ компанияның өндірістік алаңдарын: икемді технологиялар кешенін, орталық логистика кешенін, экспокешенді аралап қарады. Александр Субботин зауыттағы өндірістік процестердің жоғары деңгейін атап өтті.

 

Министр «Ростсельмаш» басшылығына қазірдің өзінде жетекші әлемдік ауыл шаруашылығы өндірушілерінің стандарттарына сәйкестігін растаған ауыл шаруашылығы техникасына арналған жиынтықтаушылардың ұлттық өндірушілеріне назар аударуды ұсынды. Бұл ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін оқшаулауға мүмкіндік береді, сондай-ақ осындай өнім үшін қаржылық қолдау шараларын қамтамасыз етеді.

 

Анықтама


«Ростсельмаш» КТ – «РОСТСЕЛЬМАШ» және VERSATILE брендтері аясында техника шығаратын, 4 елдегі 10 өндірістік алаңда орналасқан 13 кәсіпорын құрамына кіретін компаниялар тобы.

Компанияның өнім желісі техниканың 24 типінің 150-ден астам моделі мен түрленімін, соның ішінде астық және жемшөп жинайтын комбайндарды, тракторларды, бүріккіштерді,  жемшөп дайындайтын және астық өңдейтін жабдықтарды және басқаларды қамтиды.