Жүйеге кіру
ЕЭК пен ДДҰ Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды

ЕЭК пен ДДҰ Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды

17.10.2019

Мәскеуде ЕЭК штаб-пәтерінде болып өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Еуропалық өңірлік бюросының бірлескен сарапшылық кеңесінде денсаулық сақтау мәселелері қаралды.

«ЕЭК азаматтардың Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нарығына түсетін тауарларды қауіпсіздігіне толық байланысты болатын денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында ДДҰ-мен ынтымақтастық жасауда», – деп атап өтті ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Игорь Гаевский.

ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті директорының орынбасары Салия Карымбаева

«Кодекс Алиментариус» Комиссиясының Еуропа бойынша ФАО/ДДҰ Үйлестіру комитетінің 31-отырысының нәтижелеріне шолумен таныстырды және «Кодекс Алиментариус» Комиссиясының ФАО/ДДҰ комитеттерінің отырыстарында ұсыну үшін мүше мемлекеттердің ортақ позициясын тұжырымдауды ұсынды.


Өз тарапынан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының өкілі Бахтыгуль Каррыева Еуразиялық экономикалық комиссия мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының арасындағы ынтымақтастықтың түйінді бағыттарын атап өтті. Ол ЕЭК пен ұйымы ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жөніндегі жұмыс аяқталғанын хабарлап, оның мақсаты – денсаулық және денсаулық сақтау мәселелеріндегі көп секторлы тәсілдемені ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту екенін  айтты.


Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өкілдері жұқпалы емес аурулардың таралуын қалай алдын ала ескерту туралы әңгімеледі. Оның  бір тәсілі – құрамында трансмайлар, тұз, қант бар тамақ өнімдерін халықтың тұтынуды  азайтуы және  алкогольді тұтыну мен темекі тартуды шектеу.


Кеңес шеңберінде экономикалық интеграция мен денсаулық сақтау жүйелері арасындағы өзара байланысқа орай, айрықша мүдделілік білдірілген салалардағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ  қоғамдық денсаулық сақтау саласында міндетті талаптардың бұзылғаны үшін жауапкершілікті айқындаудың қағидаттары мен тәсілдемелері талқыланды.