Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының келу, кету, транзитпен жүріп өту тәртібі туралы келісім жобасы бойынша жұмыс жүргізуде

ЕЭК ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының келу, кету, транзитпен жүріп өту тәртібі туралы келісім жобасы бойынша жұмыс жүргізуде

17.11.2016

ЕЭК ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының келу, кету, транзитпен жүріп өту тәртібі туралы келісім жобасы бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев хабарлады.

Келісім жобасының мақсаты – Одақ шекараларын соның ішінде ішкі құжаттар бойынша кесіп өтуге мүмкіндік беруді қоса алғанда, азаматтардың өзара сапарларын оңайлату.

Асқар Кішкембаев сонымен қатар Одақ елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жобасының күшіне енуі мүше мемлекеттердің азаматтарына ЕАЭО кез келген еліндегі жұмыс үшін зейнетақы алуға мүмкіндік береді деп хабарлады.

ЕЭК өкілі атап өткендей, Одақ туралы шарттың күшіне енуі қатысушы елдерде тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капитал мен жұмыс күшінің ортақ нарығын құруды білдіреді. Егер қызметтер көрсету мен капитал қозғалысының еркіндігі көбіне кәсіпкерлер мен банкирлерге қатысты болса, нақты еңбектің ортақ нарығын қалыптастыру  арқасында азаматтар Одақ артықшылықтарын тікелей сезінді. Олар ЕАЭО аумағында қандай да бір шектеулерсіз еркін жүріп тұруға, қатысушы елдерде еркін жұмыс істеуге, резиденттердің мөлшерлемелері бойынша салықтар төлеуге мүмкіндік алды, оларға әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы берілді.