Жүйеге кіру
ЕЭК өкілдері «Жаһандық қаржыларды қайта жобалау» конференциясына қатысты

ЕЭК өкілдері «Жаһандық қаржыларды қайта жобалау» конференциясына қатысты

17.12.2012

11-12 желтоқсанда Доха қаласында (Катар) Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері Euromoney ұйымдастырған «Global finance re-designed» («Жаһандық қаржыларды қайта жобалау») конференциясына қатысты. ЕЭК Делегациясын Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа мүшесінің (Министр) Хатшылық жетекшісі Асқар Кішкембаев бастап барды.

Конференцияға 200-ден астам делегаттар – орталық, коммерциялық және инвестициялық банк, қаржы және экономика бағыты бойынша министрліктер мен ведомство өкілдері, сондай-ақ, қаржылық нарықтар бойынша халықаралық сарапшылар қатысты.

Конференцияның іскер бағдарламасы жаһандық банк және қаржылық секторларының қызмет атқару мәселелерін қарастыруды назарда ұстаған. Шара барысында ЕЭК өкілдері әлемдік экономика дағдарысының жалғасу жағдайындағы қаржылық нарықтардың тұрақтылығын нығайту, балама қаржылық өнімдер мен болашағы зор технологияларды енгізу мәселелерімен танысты.

Сондай-ақ, конференция барысында жаһандық және жергілікті қаржылық тұрақтылық, қаржылық дағдарыс мәселелері, қаржылық секторды дамытудың беталыстары мен осы саладағы мемлекеттік реттеуді реформалау жолдары көтерілді.

Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері қаржылық нарықтарды ықпалдастыру және реттеу саласындағы тәжірибелер мен ынтымақтастықтарды алмасу мәселелері бойынша жетекші халықаралық банкирлер және сарапшылармен (олардың ішінде Чарли Маккриви, Рим Айяди және Сатиш Сингх бар) бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Бұл кездесулердің барысында ЕЭК өкілдері Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің қызмет ету мақсаты, міндеті және көрсеткіштері туралы танысты.

Анықтамалық ақпарат:

Чарли Маккриви мырза (Charlie McCreevy) –Еуропалық Одақтың 2004 – 2010 жж. Ішкі нарық пен қызмет бойынша комиссары. Еуропалық одақтың комиссары ретінде Маккриви мырза еуропалық қаржылық жүйенің құрылысы саласында, сондай-ақ, қаржылық қызмет көрсетудің бірыңғай нарығында негізгі тұлға болып табылады.

Рим Айяди мырза (Rym Ayadi) – Еуропалық комиссиядағы жоғары деңгейлі сарапшылар тобының өкілі, ОЭСР, БҰҰ және ХВҚ сарапшысы болып табылады.

Сатиш Сингх мырза (Satish Singh) – Таяу Шығыста жылдам екпінмен өсіп келе жатқан First Gulf Bank – Банкінің өкілі.