Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Тимур Сүлейменов: "Одақтағы бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмысты Комиссия өзінен бастауға шешім қабылдады"

ЕЭК Министрі Тимур Сүлейменов: "Одақтағы бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмысты Комиссия өзінен бастауға шешім қабылдады"

16.12.2015

15 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссиясы Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов "Ресейдегі реттеушілік саясат: бизнестің тиімділігі биліктің жұмысы сапасының бейнесі ретінде" атты конференциядағы сөзі барысында Комиссия қызметінің Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) елдерінің бизнес-қоғамдастықтарының ұлттықтан жоғары реттеуді қалыптастыруға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған басты екі бағыты туралы әңгімелеп берді.

ЕЭК Министрі атап өткендей, Комиссияның бизнес-қоғамдастықтармен өзара әрекеттестігінің осындай құралдарына ЕЭК шешім жобаларының реттеушілік әсерін бағалау (РӘБ) рәсімдері және Қызметтер саудасын, құруды және қызметін реттеу туралы ереже жобасы жатады. "Ереже жобасы Одақтың мүше мемлекеттерінің кәсіпкерлік қызметін реттеу тәжірибесіне халықаралық стандарттар мен ұлттық тәжірибелердің мықтыларын енгізуге бағытталған негізгі құжат болып табылатынын" – ЕЭК Министрі атап өтті.

2014 жылдан бері қолданылып келе жатқан ЕЭК шешім жобаларының РӘБ рәсімдері туралы айта келе, Тимур Сүлейменов бағалау Одақтағы инвестициялық ахуал мен бизнес жүргізу шарттарын жақсартуға дәл бағытталғанын байқады. "Одақ аумағында бизнес жүргізу үшін әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмысты Комиссия "өзінен бастауға" шешім қабылдағаны аса маңызды", – екенін ЕЭК өкілі атап айтты.

Ол РӘБ рәсімі екі кезеңнен – ашық талқылау және қорытынды әзірлеуден тұратынын еске салды. ЕЭК Министрі атап өткендей, бірінші кезеңде бизнес жобаларға әсер ететін ЕЭК шешім жобалардың барлығы Комиссияның ресми сайтында жарияланады. "Қазіргі уақытта, 90 астам жобалар жарияланып қойғандығын" – ЕЭК министрі айтты. Оған қоса, құжатты әзірлеушілерге жария талқылау барысында келіп түскен бизнестің ұсыныстарын қабылдамау себептерін түсіндіру міндеті жүктелді. "Бұл кері байланыстың сапасын айтарлықтай жоғарылататынын" – Тимур Сүлейменов атап айтты.

ЕЭК Министрі, қорытынды бағалау кезеңінде РӘБ туралы бекітімнің әзірленуі жүзеге асады. Бұл құжат ЕЭК Министрлері мен (немесе) Комиссия Кеңесінің танысуы үшін Комиссияның шешім жобаларына арналған құжаттар жинағына қосылатын болады. Ол РӘБ туралы қорытындыларда мазмұндалған ескертулерді есепке алу деңгейі "айтарлықтай жоғары және қазіргі уақытта 70% құрап отырғанына" ерекше назар аударды.

Тимур Сүлейменов Қызметтер саудасын, құруды және қызметін реттеу ережелер жобасына қатысты құжат кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қисынсыз кедергілерді жою мақсатында әзірленгенін хабарлады. Ережелердің қолданылуы Одақ елдерінің қызметтер саудасын, құруды және қызметін реттеуге қатысты шараларына қолданылатын болады. Қызметтер саудасын, құруды және қызметін реттеуге деген кешенді көзқарас Одақ туралы Шарттың талаптарын ЕАЭО елдерінің құзыретті органдары мен мүдделі тұлғаларының барлықтарымен қолданылуын және біркелкі түсінуін қамтамасыз етеді. Атап айтсақ, бұл реттеуші талаптар мен рәсімдердің ауыртпалығының критерийлері және оларды орындау  тәртібі. Құжатта ұсынылған шаралар ЕАЭО ішкі нарығында ұлттық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экономиканың осы секторына инвестициялық тартымдылықты өсіруге бағытталған. Ережелерді тәжірибеде қолдану Одақ елдерінің тұрғындары үшін қызметтер мен тауар бағаларының түсуіне әсер етеді деп күтілуде.

ЕЭК өкілі атап өткендей, жобада қызметтер саудасын, құруды және кәсіпкерлік қызметті реттеуге деген кешенді көзқарас қарастырылған. "Ережелер қызметтің кез келген секторына немесе түріне тән бизнесті мемлекеттік реттеу үдерісінің басты үш сатысын қамтиды: оларға міндетті талаптар қою, рұқсат алу (немесе хабарлама жолдау) және бақылау-қадағалау рәсімдері" – деп аяқтады Тимур Сүлейменов. Ол әдетте кәсіпкерлік қызметтердің қисынсыз ауыртпалықтарын артығымен реттеу үшін негізгі алғышарттар дәл осы жағдайларда пайда болатынын атап айтты.

Ережелер жобасын 2015 жылғы 8 желтоқсанда ЕЭК Алқасы мақұлдады және ол Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында бекітілгеннен кейін ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы ұлттық заңнамаларына имплементацияланатын болады.

Сөзінің соңында Тимур Сүлейменов, Комиссия кәсіпкерлік бірлестіктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілермен әр түрлі үлгіде тілдесуге және ЕЭК құзыретіне жататын мәселелердің барынша кең спектрлері бойынша өзара әрекеттесуге әрдайым ашық екенін атап өтті.

"Экономикалық қатынастардың мемлекеттік реттеуін дамыту стратегиясы. Мәселенің қойылуы" атты сессияға Ресей Федерациясының Министрі Михаил Абызов, РФ Әділет министрінің орынбасары – статс-хатшы Юрий Любимов, РФ Экономикалық даму министрінің орынбасары – статс-хатшы Олег Фомичев, РФ Президенті жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі өкілі Борис Титов, РФ Мемдумасы Төрағасының бірінші орынбасары Александр Жуков, РФ Мемдумасы экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитеттің Төрағасы Анатолий Аксаков және т.б қатысты. Сессияның модераторы ретінде Ресейдің өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының президенті Александр Шохин болды. Іс-шараны ұйымдастырушылардың арасында – РФ Экономика және даму министрлігі, Ресейдің өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы және ресейлік "Ведомости" газеті.