Жүйеге кіру
Михаил Мясникович пен Алексей Оверчук ЕЭК жұмысын жетілдірудің тәсілдемелерін талқылады

Михаил Мясникович пен Алексей Оверчук ЕЭК жұмысын жетілдірудің тәсілдемелерін талқылады

18.02.2020

17 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович ЕЭК Кеңесінің мүшесі, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчукпен кездесу өткізді.

Тараптар Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасымен жұмыстың барысын, соның ішінде мемлекеттерде қалған келіспеушіліктерді талқылады. Михаил Мясникович ЕЭК Кеңесі мүшелерінің процеске белсене қосылуының арқасында жұмыс неғұрлым қарқынды бола түскенін атап көрсетті және құжатты Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы мамырда бекітуіне үміт білдірді.

Кездесу барысында Михаил Мясникович пен Алексей Оверчук, атап айтқанда, ұлттық экономикаларды көтеру және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі практикалық іс-қимылдың қажеттігін атап өте келіп, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысын жетілдірудің алдын ала тәсілдемелерін келісті.​