Жүйеге кіру
Михаил Мясникович Ресей Ғылым академиясының (РҒА) Ғылыми кеңесінің отырысына қатысады

Михаил Мясникович Ресей Ғылым академиясының (РҒА) Ғылыми кеңесінің отырысына қатысады

18.02.2020

19 ақпанда Мәскеуде Ресей Ғылым академиясы (РҒА) Ғылыми кеңесінің Еуразиялық экономикалық интеграцияның кешенді проблемалары, жаңғырту, бәсекеге қабілеттілік және орнықты даму бойынша отырысы өтеді, оған РҒА академигі, Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев төрағалық етеді. Отырысқа ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович және РҒА Президенті Александр Сергеев қатысады.

Күн тәртібінде - әлемдік шаруашылық және технологиялық салттардың ауысуы жағдайындағы Еуразиялық интеграция стратегиясын, РҒА мен ЕЭК-тің өзара іс-қимыл мәселелерін қарау, сондай-ақ Еуразия континентінің трансұлттық дамуы бойынша, Еуразиялық ғылыми-технологиялық палатаның тұжырымдамасы мен РҒА Инженерлік мектебін құру бойынша ұсыныстарды талқылау тұр.​