Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Тимур Жақсылықов: «Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері Одақтағы кедендік реттеудің бірлігін қамтамасыз етуге тиіс»

ЕЭК министрі Тимур Жақсылықов: «Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері Одақтағы кедендік реттеудің бірлігін қамтамасыз етуге тиіс»

18.02.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның дәрілік заттар айналысы, техникалық реттеу және кедендік әкімшілендіру саласындағы шешімдерінің бес жобасын реттеуші әсерді бағалау (РӘБ) жөніндегі жұмыс тобы қарады.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясынан экспортталатын тауарларды өндіруші туралы мәліметтерді тауарларға арналған декларацияда көрсету бойынша талаптарды белгілеу туралы ЕЭК Алқасы шешімінің жобасы қаралды. РӘБ қорытындысы бойынша статистикалық ақпаратты алуды қамтамасыз ету бойынша шешім жобасын реттеу мақсаттары Одақ шеңберінде кедендік реттеу саласы шегінен шығатыны атап өтілді. Жұмыс тобы тауарларға арналған декларацияны толтырудың жекелеген ұлттық компоненттерін енгізу Одақ шеңберіндегі бірыңғай кедендік реттеу қағидатына және осы салада ЕЭК-тің ұлтүсті құзыретін іске асыру мақсаттарына сәйкес келмейтініне назар аударды.

Отырысқа қатысушылар Комиссияның дәрілік заттар айналысы саласындағы екі шешімінің жобасын қарады, оларды қабылдау 2025 жылдың соңына дейін ЕАЭО-ның барлық мемлекетінде дәрілік препараттарды дайындаушы кәсіпорындардың тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы құжаттарды өзара тануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ фармацевтикалық субстанцияның жарамдылық мерзімін оны жай ғана қайта орау жолымен «ұзарту» мүмкіндігін жоққа шығарады.

Сондай-ақ отырыста Одақтың «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің жекелеген талаптарының 2020 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енуіне байланысты ЕЭК Алқасы шешімінің жобасы қаралды. Тиісті шешім қабылдау бизнес-қоғамдастыққа осы талаптарды орындауға бірқалыпты өтуге мүмкіндік береді - сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолдану мүмкіндігі қамтамасыз етілетін болады.

Жұмыс тобы ЕЭК Алқасының «Халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберуге жатпайтын тауарлардың тізбесі туралы» шешімінің жобасын қарады. Шешім қабылдау халықаралық почта жөнелтімдерінде белгілі бір тауарларды, мысалы, әкету кезінде алкоголь өнімі мен сыраны, әкелу кезінде - мәдени құндылықтарды, сондай-ақ зертханалық сынақтар мен өлшеуге арналған үлгі ретіндегі тауарлардың жекелеген түрлерін жіберуге мүмкіндік береді.​

​​