Жүйеге кіру
ЕЭК делегациясы Тимур Сүлейменовтың басшылығымен Армения Республикасына жұмыс іс-сапарымен барды

ЕЭК делегациясы Тимур Сүлейменовтың басшылығымен Армения Республикасына жұмыс іс-сапарымен барды

14.03.2014

11-13 наурыз күндері ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтың басшылығымен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) делегациясының Ереван қаласына жұмыс іс-сапары болып өтті. Іс-сапар шеңберінде Арменияның Кеден одағына (КО) және Біртұтас экономикалық кеңістікке (БЭК) қосылуы бойынша іс-шаралар («жол картасы») жоспарын жүзеге асыруға байланысты, қаржы саясаты, қызметтер мен инвестициялар, күзет және зияткерлік меншікті қорғау, еңбек күшінің орын ауыстыруы, валюталық саясат және қаржы нарықтары салаларындағы бірқатар мәселелер талқыланды. 

Іс-сапар барысында ЕЭК Министрі Тимур Сүлейменов пен Армения Республикасының Премьер-Министрі Тигран Саркисянның жұмыс бабымен кездесуі болып өтті. Кездесуге сондай-ақ, «жол картасының» жүзеге асырылуына жауапты, Арменияның  уәкілетті мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің келісім-құқықтық базасын құрайтын, Келісімдер мен Шарттарға Арменияның қосылу мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Арменияның енуін ескере отырып, кедендік әкелім баждарының қолданылу нормативтерін есептеу механизмдері, жанама салық салу, жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражаттарының жылжу мәселелері және қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға (ақшаның ізін жасыруға) қарсы әрекет жасау, күзет және зияткерлік меншікті, параллельді импортты қорғау мәселелері қаралған. 

Сондай-ақ, Тимур Сүлейменов Армения Республикасының Премьер-министрін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасының дайындық барысы туралы хабардар етті. Арменияның КО және БЭК-ке қосылуы бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға байланысты мәселелердің толық талқылануы  Тимур Сүлейменовтың Арменияның Қаржы министрі Давид Саркисянмен, Арменияның Экономика министрі Ваграм Аванесянмен және Арменияның Орталық банк төрағасы  Артур Джавадянмен екі тарапты кездесуі шеңберінде жалғасты.

Сол уақытта Арменияның уәкілетті мемлекеттік органдарында ЕЭК жекелеген проблемалық мәселелерді реттеу бойынша сарапшыларының қатысуымен Арменияның КО және БЭК келісім-құқықтық базасына қосылуына байланысты кеңесі өтті.