Жүйеге кіру
ЕАЭО Фармакопея комитетінің жаңа төрағасы сайланды

ЕАЭО Фармакопея комитетінің жаңа төрағасы сайланды

20200311_124358.jpg
18.03.2020
Еуразиялық экономикалық одақтың Фармакопея комитетінің отырысында оның басшылығының жаңа құрамын сайлау болып өтті. ЕАЭО Фармакопея комитетінің төрағасы болып келесі үш жылдық мерзімге фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Ардақ Төлегенова сайланды.

 

Ол ЕАЭО-ның Фармакопея комитеті өз жұмысында Еуропалық фармакопеяны, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Тиісті фармакопеялық практикасын және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің фармакопеясын үндестіру тұжырымдамасын қоса, фармакопеялық нормалаудың үздік әлемдік практикасын бағдарға алатынын атап өтті.

 

Ардақ Төлегенова сондай-ақ, 2020 жылы Одақ Фармакопеясының І томының алғашқы шығарылымы жарық көретіні туралы құлақтандырды, ол дәрілік нысандарға арналған, дәрілік препараттарды тіркеу және Одақ дәрілерінің ортақ нарығына айналысқа шығару үшін олардың сапасы бойынша өзіндік сипаттары мен нормативтік құжаттарды дайындауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жалпы фармакопеялық құжаттардан тұрады. ЕАЭО Фармакопея комитеті 2017-2019 жылдары ЕАЭО Фармакопеясына таяу уақытта кіретін 157 жалпы фармакопеялық құжат (монографиялар) дайындау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Бұл қызмет одақтас елдердің ұлттық фармакопеялық құжаттарын (монографияларын) одан әрі үндестіру мақсатында жалғастырылуда.

 

ЕАЭО Фармакопеясы Еуропалық фармакопеядан кейінгі әлемдегі екінші өңірлік және ДДҰ-ның Әлемдік фармакопея тізіміндегі 50-фармакопея болып табылады. Ардақ Төлегенова Одақ Фармакопеясының дәрілік препараттар сапасын фармакопеялық нормалаудың басқа тараптарымен халықаралық байланыстарын нығайту қажеттігіне назар аударды және ЕАЭО Фармакопея комитетінің жұмысына басқа мемлекеттерден (Молдавия, Өзбекстан), сондай-ақ жетекші әлемдік фармакопеялардан байқаушылардың қатысу практикасын кеңейтуді ұсынды. Қазір ЕАЭО Фармакопея комитетінің жұмысына байқаушы ретінде АҚШ Фармакопеясының өкілі қатысады. ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросымен байланысулар шеңберінде Комиссияның дәрілер сапасын сараптау мәселелеріне қатысты нұсқамаларды дайындау саласындағы нормативтік актілерінің жобаларын рецензиялау жөніндегі өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.

Анықтама
Бұдан бұрын ЕАЭО Фармакопея комитетінің төрағасы қызметін фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Елена Саканян атқарды. Жаңа төраға Ардақ Төлегенова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлардың және қызметтер көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника сараптамасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы мен ЕАЭО Фармакопеясын әзірлеу және жетілдіру жөніндегі орталықты басқарады. Оның орынбасарлары болып Ресей Денсаулық сақтау министрлігі «МҚЗСҒО» ФМБМ-нің дайын дәрілік заттарды сараптау және бақылау орталығы директорының орынбасары Елена Ковалева, Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтаудағы сараптау және сынау орталығының директоры Сергей Марченко және Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттар айналысын мемлекеттік реттеу департаментінің директоры Филипп Романов сайланды.​