Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Виктор Христенко мен ЕЭК Алқа Мүшелері (Министрлері) Тимур Сүлейменов, Татьяна Валовая, Валерий Корешков РФ Мемлекеттік Думасында өткізілген «Еуразиялық экономикалық ықпалдастықтың барысы туралы» парламенттік тыңдауларға қатысты

ЕЭК Алқасының Төрағасы Виктор Христенко мен ЕЭК Алқа Мүшелері (Министрлері) Тимур Сүлейменов, Татьяна Валовая, Валерий Корешков РФ Мемлекеттік Думасында өткізілген «Еуразиялық экономикалық ықпалдастықтың барысы туралы» парламенттік тыңдауларға қатысты

18.04.2013

18 сәуір күні РФ Федералдық жиналысындағы Мемлекеттік Думада «Еуразиялық экономикалық ықпалдастықтың барысы туралы» парламенттік тыңдаулар болып өтті. Бұл іс-шараға РФ Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкин, ЕЭК Алқасының Төрағасы Виктор Христенко, ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов, ЕЭК Ықпалдастықтың негізгі бағыттары және макроэкономика бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Татьяна Валовая, ЕЭК Техникалық реттеу бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Валерий Корешков, МД Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының істері және отандастармен байланыс жасау бойынша Комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий қатысты. Сонымен қатар, тыңдауларға қатысқандар: Ресей мен Беларусь Одақтық мемлекетінің Мемлекеттік хатшысы Григорий Рапота, РФ Президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев, РФ атқарушы билік органдарының басшылары мен өкілдері, РФ Мемлекеттік Думасы бірқатар комитеттерінің, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың, ірі компаниялардың, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері.

Тыңдаулар барысында Кеден одағына (КО) мүше мемлекеттердің аумақтарындағы экономикалық ықпалдастықтың жетістіктері талқыланды. Әсіресе, баяндама жасаушылар еуразиялық кеңістіктегі экономикалық ықпалдастықтың өркендеуі Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) аумағында экономикалық өсімді қозғаушы факторларының бірі болып табылады. Спикерлердің айтуынша, БЭК экономикалық ықпалдастық – аймақтау процесі ретінде – әлемдік экономикадағы дағдарыс сияқты жаһандық шақыруға қарсы қолданылатын ықпалды шара болып табылып отыр. Ықпалдасу ұлттық экономикаларды дамытуға, ықпалдастық процесінің барлық қатысушыларының мүддесіне қарай жүзеге асырылады.


ЕЭК өкілдері жақын болашақта қандай қадамдар жасалатындығын егжей-тегжейлі түсіндіріп айтып берді. Атап айтқанда, ықпалдасуды тереңдете түсу, экономика және қаржы, техникалық реттеу және басқа маңызды бағыттағы салалардағы Біртұтас экономикалық кеңістік бойынша 17 келісімді пысықтау бөлігінде. Бұл қызметтің – Кеден одағы мен БК нормаларын кодификациялау, сондай-ақ ықпалдастықты дамытудың келешегі зор бағыттарды болжамдау жұмыстарының нәтижесі ретінде, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш елдің Президенттерінің ортақ шешімімен құрылатын Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт болуы тиіс.

РФ Мемлекеттік Думасының депутаттары КО жаңа мүшелерді қабылдау жұмысы қызу жүріп жатқандығы туралы, атап айтқанда Қырғызстанның қосылуы турасында хабардар етілді. Жаңа серіктестермен, мәселен Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру туралы Шартқа қол қою бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Анықтамалық ақпарат.

2010 жылдың 1 шілдеден бастап, Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің Кеден одағы әрекет етіп келеді. Оны қалыптастыру үшін орасан зор жұмыс атқарылды. Тауарлардың қозғалысын реттеу бөлігінде Комиссия машина іспеттес әрекет етіп келеді: тараптардың арасындағы өзара сауда-саттықта кедендік баждар мен алымдар жойылды, ішкі шекаралардағы кедендік бақылау тыйылды, бірыңғай кедендік тариф қолданылуда.

2012 жылы Кеден одағы, дамыған елдердегі біздің сауда серіктестерімізден де жоғары экономикалық өсудің барынша тұрақты қарқынын көрсете білді. Осының барлығы әлемдік конъюнктура нашарлап, алапат дағдарыс, әсіресе Еуроаймақтағы жалғасып келе жатқан дағдарыс жағдайында орын алып отыр.

2012 жылдың қорытындылары бойынша Кеден одағының ІЖӨ өсімі 3,5 пайызды құрады. Біздің елдеріміздің арасындағы өзара сауда-саттықтың өсімі 8,7 пайызды, ал сыртқы сауда – 3,2 пайызды құрады. Өзара сауда-саттық сыртқы сауда-саттыққа қарағанда, едәуір жоғары қарқынмен өсіп келеді.