Жүйеге кіру
ЕАЭО мемлекеттерінің кеден органдары Одақтың кез келген елінде берілген техрегламенттердің талаптарына сәйкестілікті бағалау туралы құжатты қабылдауы тиіс

ЕАЭО мемлекеттерінің кеден органдары Одақтың кез келген елінде берілген техрегламенттердің талаптарына сәйкестілікті бағалау туралы құжатты қабылдауы тиіс

18.05.2017

17 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің кеден органдары ЕАЭО-ның кез келген мемлекеті берген сәйкестікті бағалау туралы бірыңғай құжаттарды қабылдауды және Одақ аумағында үшінші елдердің осындай құжаттары бар тауарларын айналысқа жіберуді қамтамасыз етуі тиіс екендігі туралы шешім қабылданды.

ЕАЭО елдерінің вице-премьерлері кеден органдарына бірыңғай тізілімдердің ұлттық сегменттерін жүргізетін уәкілетті құрылымдармен өзара іс-қимыл мәселесін пысықтауға тапсырма берді. Бұл үшінші елдердің айналысқа шығарылатын тауарларының сәйкестілікті бағалау туралы құжаттарының болуы туралы ақпаратты уақытылы алуға мүмкіндік береді. 

ЕЭК Кеңесінің басқа да қорытындылары туралы мына жерден оқыңыз: https://goo.gl/Oj8wTH​