Жүйеге кіру
ЕАЭО-ның Қытаймен кедендік ынтымақтастығы жаңа келбетке ие болды

ЕАЭО-ның Қытаймен кедендік ынтымақтастығы жаңа келбетке ие болды

18.05.2017

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Мукай Кадыркулов пен ҚХР Бас кедендік басқармасының басшысы Юй Гуанчжоу Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Қытай Халық Республикасымен (ҚХР) кедендік әкімшілендіру және одан әрі ынтымақтастық перспективалары саласындағы өзара іс-қимылдардың негізгі мәселелерін талқылады. Кездесу «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумы шеңберінде Бейжіңде өтті.

ЕАЭО және ҚХР кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар және халықаралық тасымалдау көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісімді дайындауға ерекше назар аударылды. 

Мукай Кадыркулов ҚХР бүгінде Одақ елдерінің негізгі экономикалық әріптестерінің бірі және ақпараттық өзара іс-қимыл жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және сауда рәсімдерін оңайлатуда маңызды рөл ойнайтынын атап өтті. ЕАЭО елдері мен ҚХР ынтымақтастығы Жібек жолы экономикалық белдеуі мен ЕАЭО-ны түйістіру бойынша жобаларды іске асыруға байланысты ерекше маңызға ие.

«Кедендік ынтымақтастықты дамыту қара бастың қамы болып табылмайды, - деп атап өтті ЕЭК министрі кездесу қорытындысы бойынша. – Біздің міндетіміз – бизнеске жәрдемдесу және сыртқы экономикалық қызметке адам қатысушыларға көп қырлы қолдау көрсету».