Жүйеге кіру
ЕАЭО-да тағамдық және тағамдық емес тауарларды тасымалдау қағидалары жеңілдетілді

ЕАЭО-да тағамдық және тағамдық емес тауарларды тасымалдау қағидалары жеңілдетілді

18.05.2020

Еуразиялық экономикалық одақта азық-түлік тағамы өнімдері мен азық-түлік тағамы емес тауарларды тасымалдау кезіндегі талаптар жеңілдетілді.Ресей Федерациясы мұндай өнімді Еуразиялық «бестік» елдерінің ішкі нарығында бөлек тасымалдау туралы талаптардың күшін жойды. Бұл туралы ЕЭК-тің Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Гегам Варданян хабарлады.

 

«Біз Ресей Федерациясындағы әріптестеріміздің бұрын ЕАЭО-да өзара саудаға кедергі келтіріп келген басы артық талаптарды алып тастауға бағытталған жүйелі жұмысын байқап отырмыз»,- деп атап өтті Варданян.

 

Бұдан бұрын ЕЭК Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті ЕАЭО елдерінің ішкі нарығындағы жағдаят мониторингі барысында  Ресей тарапының Одақтың «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің реттеу объектісі болып табылатын тамақ өнімдерін тасымалдауға қосымша талаптар қойып отырғанын анықтады.

 

Одақтық техрегламентке сәйкес тауарлардың әртүрлі топтарын бір мезгілде тасымалдауға жол беріледі. Алайда олардың жанасуын, ластануын және тамақ өнімдерінің түйсіктену қасиеттерінің өзгеруін болдырмайтын шарыттарды қамтамасыз ету қажет.

 

Осындай тасымалдау процесін реттеуге қатысатын ведомстволардың өкілдерімен тиісті консультациялар өткізілді.

 

 Сонымен енді ресейлік санитариялық ережелер ЕАЭО техникалық регламенттерінің нормаларымен үндестірілді.