Жүйеге кіру
ЕАЭО-ға автомобильдерді уақытша әкелу мерзімі ұзартылды

ЕАЭО-ға автомобильдерді уақытша әкелу мерзімі ұзартылды

18.05.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі  жеке тұлғалар үшін автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болу мерзімін үстіміздегі жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартты.

 

Сөйтіп, автокөліктер мен басқа да техниканы уақытша әкелген азаматтар 30 қыркүйекке дейін оларды ЕАЭО-дан кері әкету міндетінен босатылды және тиісінше олар әкімшілік шараларға және кедендік төлемдер төлеуге ілікпейді.

 

Шешім Калининград облысынан «жеңілдетілген тәртіпте кедендік тексеруден өткен» өз автомобильдерімен келген және үйлеріне қайта алмаған азаматтарға да қатысты.

 

Сондай-ақ, Кеңес ЕАЭО-ға тұрақты тұруға қоныс аударған тұлға, босқын, мәжбүрлік қоныс аударушы мәртебесін алған шетелдік азаматтардың жеке мүлкін Одаққа жеңілдікті бажсыз әкелуі мүмкін болатын 18 айлық мерзімнің өтуін 30 қыркүйекке дейін  тоқтата тұрады.

 

Шешім  үстіміздегі жылғы 1 наурыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта туындаған немесе туындайтын жағдайларда қолданылады.

 

Шешімнің қабылдануын ЕАЭО-да қабылданған коронавирустық инфекцияға қарсы күрес шараларына байланысты азаматтардың өз құқықтарын іске асыруы мен міндеттерін орындауы мүмкін болмауы тудырды.