Жүйеге кіру
ЕЭК Еуразиялық корпорациялар құруды жақтайды

ЕЭК Еуразиялық корпорациялар құруды жақтайды

ENOR6135.jpg
18.07.2019

17 шілдеде Санкт-Петербургте Ресей және Беларусь өңірлерінің VI форумы шеңберіндегі ұлттық іскерлік кеңестердің отырысындаЕуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың практикалық құралдары және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің бизнесі үшін ашылатын перспективалар туралы айтты.
Интеграцияны дамытудың аса маңызды бағыты Одақ елдері кәсіпорындарының кооперациясы болып табылады. Бизнестің белсенді қатысуы арқасында металлургияны, машина жасауды, жеңіл өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде келісілген шешімдерге қол жеткізілуде.
«Жаһандық өнеркәсіптік нарықтардағы жағдайға қарасақ, оларда өте ірі компаниялар ғана шынайы бәсекеге түсе алады. Осы жүйеде Одақ көрнекті орнын алуы үшін бізге өзіміздің ірі бизнесіміз қажет, Еуразиялық корпорациялар қажет»,- деп атап өтті Александр Субботин.
ЕЭК министрі тосқауылдарсыз бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру Комиссия жұмысының маңызды векторы болып қала беретінін атап көрсетті. Өзара саудадағы тосқауылдар бизнестің шығындарын арттырады, бұлар кәсіпкерлердің ғана емес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің де мүддесіне қарсы бағытталған. «Одақтың ішкі нарығындағы тосқауылдар қысқа мерзім ішінде жойылуға тиіс және жаңалары пайда болмауға тиіс»,- деп толықтырды сөзін Александр Субботин.
Комиссия Одақ шеңберінде өнеркәсіпті цифрландыру құралдары ретінде Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, қосалқы келісімшарт жасасу және технологиялар трансфері желісін құрады. Бұл «бестік» мемлекеттеріне кәсіпорындарды теңгерімді жүктеу және технологиялардың ағыны жөніндегі міндеттерді шешуге көмектеседі.
ЕЭК министрінің сөзінше, ЕАЭО-ның бизнес-қоғамдастығымен бірлескен күш-жігерді жандандыру Одақ экономикасында жаңа инновациялық секторларды құруға және өнеркәсіптік кешендерді жаңа технологиялық құрылымға шығаруға ықпал ететін болады.