Жүйеге кіру
ЕАЭО-да электронды нысанда қызмет көрсету кезінде бірыңғай ҚҚС өндіріп алу қаидалары жасап шығарылуда

ЕАЭО-да электронды нысанда қызмет көрсету кезінде бірыңғай ҚҚС өндіріп алу қаидалары жасап шығарылуда

в ЕАЭС разрабатывают....jpg
18.09.2019
11 қыркүйектен 13 қыркүйекке дейін Ереванда (Армения Республикасы) Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жанындағы салық саясаты және әкімшілендіру жөніндегі Консультативтік комитеттің отырысы өтті. 

Қатысушылар қызметтерді электронды нысанда көрсету кезінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үшін бірыңғай ҚҚС өндіріп алу қағидаларын талқылады. Атап айтқанда, тауарлар ғана емес,сонымен қатар Одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтерге жанама салық салуға қатысты болатын, ЕАЭО туралы Шартқа түзетулер енгізу жобасын келісе алды. Тараптар электронды нысандағы қызмет көрсетуді іске асыру орындарын, қызмет көрсетуді сатып алушының қызметін іске асыру орны, сонымен қатар осындай қызметтердің тізбесін талқылады. 

Тимур Жақсылықов ерекшелеп өткендей, ЕАЭО-ның бірыңғай нарықтары тиісті жұмыс істеу үшін салық тосқауылдарының күшін жоюға, салық органдары арасында ақпарат алмасуды дамытуға және цифрлық коммерцияның үйлестірілген салық салу жүйесін құруға тырысу керек. 

«Қызметтерді электронды нысанда көрсету кезінде ҚҚС өндіріп алудың бірыңғай қағидаларын құру бірыңғай қызмет көрсету нарығын қалыптастыру бойынша Одағымыздың мақсаттарына сәйкес келеді, – деп, мәлімдеді Тимур Жақсылықов. – Мұндай қағидаларды енгізу Одақ елдерінде B2C және B2B саудасы кезінде электронды қызметтерге ҚҚС реттеуде коллизияларға жол бермеу мүмкіндігін береді».

Сонымен қатар, Консультативтік комитет мүшелері ЕАЭО-дағы ҚҚС әкімшілендіруді жетілдірудің негізгі бағыттары мен келешегін қарады. Атап айтқанда, Комиссия адал салық төлеушілерді қорғау үшін жасап шығарылған ЕАЭО мемлекеттеріне тауар әкелу туралы хабарландыру бойынша ереже жобасын ұсынды. Сонымен қатар, келешегі бар бағыттар ретінде электронды ілеспе құжаттарды енгізу және оларды Одақ елдерінде мойындау мәселелері қаралды.

Бұдан басқа, отырыста Одақ пен үшінші елдер тауарларына қатысты экономикалық еркін (арнайы, ерекше) аймақтарда ҚҚС өндіріп алудың кемсітпейтін жағдайлары туралы мәселені талқылады. 

Комиссия тараптардың ұлттық салық заңнамаларының соңғы өзгерістерін есепке ала отырып, «ЕАЭО мүше мемлекеттерінің салық жүйелерін шолу» басылымын ұсынды. 

Қатысушыларға 2019 жылғы 25 қыркүйекте Бішкекте (Қырғыз Республикасы) өтетін, «Еуразиялық апта» жыл сайынғы халықаралық форумы шеңберінде салық сессиясын өткізу туралы ақпараттандырды. Форум ЕАЭО-ның экономикасын, инвестициялық және экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталған ірі халықаралық іскерлік іс-шара болып табылады.