Жүйеге кіру
Австрия бизнесі ЕАЭО елдерімен ынтымақтастыққа мүдделі

Австрия бизнесі ЕАЭО елдерімен ынтымақтастыққа мүдделі

78963ea4-c0de-47fe-9f8c-0492f2f3bb2a.JPG
18.09.2020

17 қыркүйекте Австрияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы мен Австрия Республикасының Ресейдегі Елшілігі алаңында болып өткен «Austria Connect ТМД 2020» конференциясының пікірсайыс орталығы – Еуропалық бизнес үшін Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нарығының артықшылықтары болды.

Еуразиялық экономикалық комиссия атынан конференцияда Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян өкілдік етті. Ол ЕАЭО дамуының негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді, Одақтың табыстарына жан-жақты тоқталды, сондай-ақ интеграциялық күн тәртібінің жаңа салалары жайында баяндады.

«2019 жылдың соңында ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары Интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны бекітті, ал үстіміздегі жылғы мамырда Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясының жобасын тұтастай мақұлдады, жобамен жұмыс жалғасуда. Бұл құжаттар ЕАЭО-ны дамытудың түйінді векторларын айқындауға, қазіргі барын нақтылауға, ал кейбір тұста жаңа міндеттер белгілеуге бағытталған», - деп атап көрсетті Гоар Барсегян.

Еуропалық бизнестің Еуразиялық интеграциялық жобаға қатысты позициясын SCHNEIDER Group бас директоры Ульф Шнайдер айтып өтті. Ол ЕАЭО мен ЕО қатынастарын ұлтүсті органдар – Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуропалық комиссия деңгейінде тезірек рәсімилеуді жақтады, сондай-ақ толық мәнді экономикалық қатынастарды саяси сарынға байланыстырмай құруға шақырды.

ЕАЭО Іскерлік кеңесі хатшылығының басшысы Станислав Наумов та толық ауқымды диалогты жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті және бұл мәселе бойынша бизнес-қоғамдастық пікірін ескеруге шақырды. Бұл ретте, Станислав Наумовтың сөзінше, бизнестің саяси кеудемсоқтығы жоқ және болуы мүмкін емес.

Панельдік пікірсайысты қорытындылаған Армения Республикасының Ресейдегі Елшісі Вардан Тоганян Арменияның Одаққа кіру арқылы алған артықшылықтары туралы айтып берді.