Жүйеге кіру
ЕЭК пен Индонезия үкіметі ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

ЕЭК пен Индонезия үкіметі ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

18.10.2019

Еуразиялық  экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Индонезия Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі 17 қазанда Тангеранг қаласында (Индонезия) Trade Expo Indonesia  сауда көрмесі шеңберінде болып өтті. Құжатқа ЕЭК-тің Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев пен Индонезия Республикасының Сауда министрі Энгартиасто Лукита қол қойды.

 

Сергей Глазьев Индонезияның Сауда министрімен келіссөздер барысында: «Индонезия АСЕАН-дағы және бүкіл Азия-Тынық мұхит өңіріндегі түйінді экономиканың бірі және бұл елдің Үкіметімен ЕЭК-тің  тікелей диалог орнатуы маңызды. Өзара іс-қимылдың жаңа форматы осы елмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың тиімді инфрақұрылымын, соның ішінде  ең замани технологиялар мен цифрлық экономиканың мүмкіндіктерін пайдалану есебінен  құруға  ықпал ететін болады», – деп мәлімдеді.

 

«Меморандум Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Индонезиямен ынтымақтастықты дамытуға деген ортақ тілегін бейнелейді және бірлескен жұмыс тобы шеңберінде бұған барлық елдер белсене қатысады деп күтеміз», – деп атап өтті ЕЭК министрі.

Өз тарапынан Индонезияның Сауда министрі ЕЭК-пен ынтымақтастықты рәсімилеу – «ЕАЭО-ның барлық өңірімен экономикалық қатынастар үшін тарихи қадам», өзара сауда мен инвестициялардың өсе түсуіне қозғау салады деп атап көрсетті. Министр  келешекте  «ЕАЭО-Индонезия» бизнес-форумын өткізу және Еуразиялық  экономикалық одақпен көп жоспарлы ынтымақтастықты қарқынды етуге  индонезиялық іскер топтарды қосу идеясын қолдады. Атап айтқанда, мүше мемлекеттер мен Индонезияның сауда-өнеркәсіп палаталары арасында тікелей диалог ұйымдастырудың орындылығы атап көрсетілді.

 

«Біздің елдеріміздің бизнесі өкілдері арасындағы экономикалық әлеуетті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау нақты жобаларды, соның ішінде жоғары технологиялық, қосылған құны жоғары өнім шығаруды іске асыруға мүмкіндік береді», – деп сенім білдірді Сергей Глазьев.

 

Бұл ретте ЕЭК министрі меморандум негізінде құрылған жұмыс тобының назарында ЕЭК-тің ұлтүсті құзыретінің сауда рәсімдерін оңайлату, кедендік және техникалық реттеу, қаржы нарықтарын дамыту сияқты мәселелері болатынын атап өтті. Бұл алаңда сондай-ақ өнеркәсіптегі және аграрлық секторлардағы тәжірибемен әрі таңдаулы практикалармен мұқият алмасу бағамдалып отыр.

 

Тараптар сауда мен инвестициялардағы екіжақты өзара іс-қимылда резервтер бар екенін тиянақтады.  2019 жылғы қаңтар-шілдеде 2018 жылдың  ұқсас кезеңімен салыстырғанда ЕАЭО мемлекеттерінің  Индонезиямен тауар айналымының құндық көлемі 11% өсіп, 1,7 млрд АҚШ долл. (соның ішінде экспорт –  20,1%,  607 млн АҚШ долл.дейін; импорт – 6,4%, 1,1 млрд АҚШ долл.дейін) құрағанына қарамастан, қазір тауарлар мен қызметтер көрсету саудасын дәстүрлі және жаңа салаларда  одан әрі өсіре түсудің айтарлықтай мүмкіндіктері бар.

 

Тараптар ЕЭК пен Индонезия Республикасы үкіметінің бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысын Мәскеуде  2020 жылдың бірінші тоқсанында өткізуге уағдаласты.

 

Индонезияға сапары барысында Сергей Глазьев сондай-ақ Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы (АСЕАН) бас хатшысының орынбасары Аладдин Рилломен келіссөз жүргізді. Түйінді мәселелер 2018 жылғы Өзара түсіністік туралы меморандум ережелерін іске асыруға және диалогты тереңдетуге қатысты болды. Министр АСЕАН-мен өзара іс-қимылдың, соның ішінде ЕЭК пен Қауымдастық Хатшылығы арасындағы 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын іске асырудың басталуы есебінен өсуінің оң серпінін атап өтті.

 

Көп тарапты форматтағы ынтымақтастықты тереңдету бағытындағы алғашқы қадамдардың бірі  - үстіміздегі жылғы 9-10 желтоқсанда Мәскеуде өтетін интеграциялық тәжірибемен алмасу жөніндегі семинар болады.

 

Өз тарапынан АСЕАН бас хатшысының орынбасары да тараптардың  бірлескен іс-шараларды жедел әзірлеп әрі келісіп, жақсы бастағанын атап өте келіп,  ЕЭК-пен орнатылған байланысуды жоғары бағалады.

 

«АСЕАН-мен тікелей диалог, әсіресе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Қауымдастықтың байланысуларының жоғары қарқындылығы тұрғысынан келгенде, екі өңір арасындағы ынтымақтастықтың  перспективалы салаларын айқындау үшін маңызды», – деп мәлімдеді ЕЭК министрі.

 

Сергей Глазьев АСЕАН өкілдерінің Одақ елдеріндегі түйінді форумдар аясында,  екі жыл қатарынан ЕАЭО-АСЕАН бизнес-диалогы өтіп келе жатқан Петербург халықаралық экономикалық форумын (ПХЭФ) қоса, экономикалық интеграция тақырыптамасы бойынша іс-шараларға қатысу практикасын дамытуды ұсынды.Министр  АСЕАН Хатшылығын  Минскіде 2020 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырыстарынң біріне орайластырып өткізілетін бірінші Халықаралық Еуразиялық экономикалық форумды өткізуге қосылуға шақырды.

 

Индонезия Республикасының Сауда министрімен және АСЕАН бас хатшысының орынбасарымен келіссөздер барысында Сергей Глазьев  Қауымдастық мемлекеттерінің Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастыру процесіне қосылуының  маңыздылығын атап өтті.

 

Анықтама

ЕЭК оннан астам елдің:  Чили, Перу, Моңғолия, Сингапур, Камбоджа, Марокко, Иордания, Фарер аралдары, Куба, Таиланд, Бангладеш және  Молдавия үкіметтерімен меморандум форматында,  сондай-ақ Грекия үкіметімен декларация форматында өзара іс-қимыл жасайды.

ЕЭК АСЕАН, МЕРКОСУР, Анд қоғадастығын қоса, өңірлік интеграциялық бірлестіктермен, тұтас бір бейінді халықаралық құрылымдармен  диалогты  дәйекті дамытып келеді.