Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАТ-пен және Ресей қаржы мониторингімен ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы консультация жүргізеді.

ЕЭК ЕАТ-пен және Ресей қаржы мониторингімен ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы консультация жүргізеді.

18.11.2016

Делиде (Үндістан Республикасы) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) жалпы отырысының алаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қарсы саясаты жөніндегі Алқа мүшесінің (министрдің) көмекшісі Бембя Хулхачиев ЕАТ пен Ресейдің Қаржы мониторингі жөніндегі Федералдық қызметі басшылығымен жұмыс консультациясын өткізді.

Тараптар ЕАК-тің ЕАТ-пен және Ресей қаржы мониторингімен ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Күн тәртібінде қолма қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын Одақтың кедендік шекарасы арқылы алып өту кезінде Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпаратпен алмасу туралы келісім жобасын пысықтау және келісу мәселесі де болды.

ЕАТ жалпы отырысы барысында мүше мемлекеттер ұйымдарының ұлттық заңнамаларындағы ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге, 2012 жылғы ФАТФ жаңа халықаралық стандарттарына сәйкес деңгейді арттыруға бағытталған өзгерістер қаралды. Бұдан өзге, іс-шара қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақта жүргізілген «капитал рақымшылығы» қорытындысын, Қазақстан Республикасында салық заңнамасының ерікті сақталу бағдарламасының іске асырылуын талқылады.

Анықтама

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ (ЕАТ) ФАТФ типі бойынша өңірлік топ болып табылады. Ол өзінің барлық мүшелеріне ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық және институционалдық негіздерін құруға, топқа қатысушы мемлекеттердің ұлттық экономикаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, қаржы жүйелерінің ашықтығын ұлғайтуға олардың көлеңкелік құрамдасының үлесін азайтуға жәрдем көрсетеді.

ЕАТ тоғыз мемлекетті, соның ішінде Беларусты, Қазақстанды, Қырғызстан мен Ресейді біріктіреді. Арменияны және 19 халықаралық ұйымды қоса алғанда, 15 елге байқаушы мәртебесі берілген.

Еуразиялық экономикалық комиссия 2016 жылғы маусымнан бастап ЕАТ-тың байқаушысы болып табылады.