Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Сергей Глазьев: «ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігі көп дәрежеде біздің елдеріміздің жаңа технологиялық салтқа ауыса алуына байланысты»

ЕЭК министрі Сергей Глазьев: «ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігі көп дәрежеде біздің елдеріміздің жаңа технологиялық салтқа ауыса алуына байланысты»

18.12.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде «Экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне замани көзқарас. ЕАЭО және ТМД елдері үшін сын-қатерлер мен перспективалар» халықаралық семинарына қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы елдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әлемдік экономиканың цифрлық даму кезеңіне өту тұрғысында елдердің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалауға қойылатын жаңа талаптарды, өсімнің проблемалық аймақтары мен әлеуетті нүктелерін талқылады.

ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев бүгінгі таңда байқалып отырған технологиялық салттардың ауысуы ЕАЭО елдерінің ұлттық экономикаларының сапалы бұлқынысына мүмкіндік туғызатынын атап өтті. Осы тұрғыда Комиссия интеграциялық фактордың әсерін ескере отырып, мүше мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігіне бағалау жүргізеді. Атап айтқанда, 2019 жылы «Интеграцияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілік деңгейіне әсерін бағалау» баяндамасы дайындалды.

ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян бәсекеге қабілеттіліктің өсуінің маңызды шарты Одақ елдерінің цифрландыру процестеріне қосылуы болатынын атап көрсетті.

«Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру ел халқының өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей тәуелді», –  деп есептейді «Strategy Partners» компаниясының әріптесі Алексей Праздничных. Ол бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудегі прогресс мемлекет деңгейінде шешім қабылдайтын тұлғалардың тікелей күш-жігерімен айқындалатын болады деп түсіндіре келіп, «Таңғаларлық ештеңе болмайды», –  деп мәлімдеді

Ресейдегі Америка сауда палатасының президенті Алексис Родзянко мен Еуропалық бизнес қауымдастығының бас директоры Франк Шауффтың пікірінше, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселелері санкциялар жағдайында Ресей үшін аса өзекті болып отыр.

Семинарға қатысушылар бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің түйінді факторларының бірі ретінде бизнесті цифрландыру процестеріне тиімді тарту үшін жағдай жасауды бөліп көрсетті. ЭЖМ - Сколково Құқық және даму институтының директоры Алексей Ивановтың көзқарасы бойынша, осы міндетті шешу үшін мүше мемлекеттер бірыңғай цифрлық кеңістікті құруды қамтамасыз ете отырып, интеграцияның әлеуетін пайдаланғаны жөн. «Біз экожүйелік экономика дәуіріне ендік», –  деп мәлімдеген ол, қазіргі уақытта өзара тәуелділіктің өсуіне байланысты нарықтың даму векторын анықтау қабілеті цифрлық жүйелерді басқаратын «сәулетшілерге» ауысатынын түсіндіріп өтті. Алайда ЕАЭО-да мұндай «сәулетшілер» әзірге жоқ.

Бәсекеге қабілеттіліктің өсуін қамтамасыз етудің басқа маңызды аспектісі ұлттық кәсіпорындарды құнды құрудың жаһандық тізбегіне тиімді тарту болып табылады. Макроэкономикалық талдау және қысқа мерзімді болжау орталығының макроэкономикалық процестерді талдау және қысқа мерзімді болжау бағытының жетекшісі Дмитрий Белоусов атап өткендей, Одақ елдерінде өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынын қосымша жеделдету 1,7-3,7 п. п. жетуі мүмкін.

Жоғары технологиялық өнім өндірушілерді қолдаудың мүмкін болатын шараларын талқылай отырып, «Транскор-К» ҒТО» ЖШҚ бас директоры Светлана Камаева ұлттық брендтерді, атап айтқанда, олардың ЕАЭО елдерінде жағымды қабылдануы үшін қолдау көрсету қажеттігін айта өтті. «Метротекс» ЖШҚ директоры Виктор Киселев өз кәсіпорнының мысалында жоғары технологиялық өндіріске көшу үшін құрылымдық өзгерістерді іске асыруды тежейтін білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап көрсетті.

Семинар қорытындысында қатысушылар интеграциялық бірлестік жағдайында ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселесіне кешенді түрде қарау қажеттігін атап өтті.

Семинар спикерлерінің сөйлеген сөздерін сілтеме бойынша жүктеп алуға болады.​