Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Эмиль Кайкиев: «Экономиканың түйінді секторларында өзара іс-қимылды кеңейту қажет»

ЕЭК министрі Эмиль Кайкиев: «Экономиканың түйінді секторларында өзара іс-қимылды кеңейту қажет»

18.12.2019

Әлемдік экономиканың болашағы интеграциялық блоктарға тиесілі, деп санайды Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Эмиль Қайкиев. Ол М. В. Ломоносов атындағы ММУ-де өткен «Еуразиялық кеңістікке интеграция. Болашағы мен перспективалары» дөңгелек үстелінде Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) отын-энергетикалық кешені мен көлігінің әлемдік экономика тұрғысындағы рөлі туралы айтып берді.

«Еуразия жүрегінде орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың әлемнің экономикалық жүйесінің болашақ архитектурасы полюстерінің бірі болуға барлық мүмкіншілігі бар», –  деп атап өтті ЕЭК министрі.

Бұл ретте Еуразиялық кеңістікте көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету Одақ елдерінің экономикаларының дамуына ықпал ететін қажетті шарт болып табылады.

Сондай-ақ Эмиль Кайкиев цифрлық технологиялардың маңыздылығын атап көрсетті: «Цифрлық технологиялар логистика мен көлік қызметін ұйымдастыру туралы біздің түсінігімізді өзгерте отырып, тасымалдау процесінің ажырамас бір бөлігіне айналды. Оларды ендіру жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар үшін қызметтер көрсетудің тиімділігін, қауіпсіздікті арттырады, транзиттік жүктердің өту мерзімдерін азайтады».

Одақ жоспарында - электрондық құжат айналымына біртіндеп көшу, замани ақпараттық технологияларды, зиятты көлік жүйелерін және цифрлық логистиканы одан әрі ендіру тұр.

«Перспективада «цифрларды» қолдану көлік инфрақұрылымы объектілерінің өткізу қабілетін арттырып, тасымалдау құнын, яғни тұтынушыларға арналған тауарлардың түпкілікті бағасын төмендетуге жеткізе алады», –  деп санайды ЕЭК министрі.

Ол Комиссияның Еуразиялық кеңістікте неғұрлым ауқымды интеграциялық жобалардың бірі болған Одақ елдерінде ортақ энергетикалық нарықты қалыптастыру жөніндегі жұмысы туралы да айтып берді.

«Соңғы бес жылда ортақ энергетикалық нарықты қалыптастыру жөнінде үлкен жұмыс атқарылды. ЕАЭО елдерінің басшылары электр энергиясы, газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастырудың тұжырымдамасы мен бағдарламаларын бекітті», –  деп еске сала өтті Эмиль Қайкиев.

Іс-шараны М. В. Ломоносов атындағы ММУ-дің мемлекеттік басқару факультетімен бірлесіп Қырғыз Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі ұйымдастырды. ​