Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Тимур Сүлейменов: "ЕАЭО-да зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кеден тізілімі құрылатын болады"

ЕЭК Министрі Тимур Сүлейменов: "ЕАЭО-да зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кеден тізілімі құрылатын болады"

17.12.2015

16 желтоқсанда Минскіде Еуразиялық экономикалық комиссиясы Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов "Антиконтрафакт 2015" атты ІІІ Халықаралық форумда Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кеден тізілімін құру болжамы туралы хабарлады.

ЕЭК өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта ұлттық тізілімдерде айырмашылықтар қатары бар. "Бізде елдердің бір-біріне деген шағымдары жоқ. Бізде зияткерлік меншік объектілерін қорғауға бағытталған механизмдер әлі жалпыланбаған, бірыңғай болмай тұрғанына қатысты жалпы шағымымыз бар – деп хабарлады ЕЭК Министрі. Атап айтсақ, зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кеден тізілімі жоқ. Бұл барлық брендтер жазылған құжат болуы керек".

Тимур Сүлейменов Комиссияның ұсынысымен зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кеден тізілімінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін халықаралық шарттың жобасы әзірленгенін және мемлекетішілік келісуден өткенін атап айтты. "Оны енгізу Еуразиялық экономикалық одағы шекарасының барлық периметрінде контрафактілік тауарлардың келуінен қорғаудың бірыңғай кеден стандартын құруға мүмкіндік береді" – деп айтты ЕЭК өкілі. Оның айтуынша, Одақ елдері оған қол қою үшін қажет болатын мемлекетішілік рәсімдерді жүргізіп жатыр.

ЕЭК Министрінің ойынша, зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кеден тізілімі құралы ішкі нарыққа контрафактілік тауарлардың әкелінуімен күрестің сенімді әрі сын көтеретін тәсілдерінің бірі болып саналады. "2015 жылы ЕАЭО нарығына келіп түсетін контрафактілік өнім көлемінің 50 пайыздық өсімі байқалуда. 2015 жылдың 9 ай бойына ғана контрафактілік өнімнің 14,2 млн бірлігінің әкелінуі тоқтатылды" – деді Тимур Сүлейменов.

Өз сөзінде ЕЭК Министрі, Одақ елдерінің құқық қорғау және әкімшілік органдарының өзара әрекеті туралы қатысушыларды хабардар етті. Олардың ынтымақтастығы, Тимур Сүлейменовтың ойынша, "ЕАЭО-ның тек экономикалық одақ болуына қарамастан, аса маңызды міндет болып табылады". Ол бұл үшін 8 қыркүйекте Гродно қ. (Беларусь Республикасы) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша әрекеттерді үйлестіру туралы Шартқа қол қойылғанын еске салды. Қазіргі уақытта құжат мемлекетішілік бекітуден өтуде.

Тимур Сүлейменов тауар таңбасына ерекше құқықтардың аяқталу қағидатының қолайлысын таңдау мәселесіне жеке тоқталды. Бұл мәселе "параллельді" импортты заңдастыру мүмкіндігімен тікелей байланысты. Осыған орай, ЕЭК Министрі "Одақтың барлық елдері үшін барынша оң әлеуметтік және экономикалық әсер алуға мүмкіндік беретін ымыралы шешімді іздеудің айтарлықтай қиындығына қарамастан, оның шешіміне жақындау қолымыздан келді" – деп хабарлады. Талқылау қорытындысы бойынша, ЕАЭО туралы Шартта бекітілген құқықтың аяқталуының өңірлік қағидатының сақталатыны және Одақтың құқығын тауарлардың жеке түрлеріне қатысты, атап айтсақ бұндай тауарлар ішкі нарықта қолжетімсіз немесе жеткіліксіз көлемде, сондай-ақ көтеріңкі бағаға  ғана қолжетімді болған жағдайда, артықшылықтар орнату мүмкіндігімен толықтыру болжануда.

Сондай-ақ, Тимур Сүлейменов ЕАЭО елдерінің зияткерлік меншігінің ұлттық жүйелерін түйіндестіру және осы орайда ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін де қозғап өтті. Қазіргі уақытта зияткерлік меншікті Одақта қорғау, сақтау және қолдану стратегиясы әзірленіп жатыр. Оның негізгі бағыттары инновациялық және өнертапқыштық белсенділікті ынталандыру, ЕАЭО елдерінде жаңа инновациялық кәсіпорындарды құруды жеделдету және Ғаламтор желісінде зияткерлік меншік объектілерін қолдануды реттеуді жетілдіру болады.