Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі төмен тығыздықтағы этилен полимерлеріне қатысты импорттық бажды 6,5%-ға дейін бір жыл мерзімге арттырды

ЕЭК Кеңесі төмен тығыздықтағы этилен полимерлеріне қатысты импорттық бажды 6,5%-ға дейін бір жыл мерзімге арттырды

Фото-1.jpg
18.09.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресей Федерациясының ЕАЭО аумағында өндірілмейтін бастапқы нысандардағы этилен полимерлерінің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жеткілікті мөлшерде өндірілетін төмен тығыздықтағы этилен полимерлерін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасында бөліп көрсету туралы бастамашылық ұсынысын қолдады.

 

Тауарлардың бірінші санатына қатысты импорттық баж ставкасы нөлдік деңгейде сақталады, ал екіншісіне қатысты – тарифтік қорғау деңгейі бір жыл мерзімге 6,5%-ға дейін артады. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі бажының уақытша ставкасының мөлшері төмен тығыздықтағы этилен полимерлеріне қатысты Ресей мен Қазақстанның ДСҰ шеңберіндегі тарифтік міндеттемелеріне сәйкес барынша мүмкін болатын байланысу деңгейінде шектелген.

 

«Қабылданған шешім өндірісті - төмен тығыздықтағы этилен полимерлерін дамыту және ЕАЭО кәсіпорындарында өндірілген тауарлардың ішкі нарығында тұтыну үлесін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ шетелдік аналогтардың импорт алмастыруына жәрдемдесуге бағытталған», - деп атап өтті ЕЭК-тің Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.

 

Төмен тығыздықтағы этилен полимерлері дайын тауарлар (пленкалардың алуан түрлері, жапсырма пакеттер, жалпы арналымдағы сыйымдылықтар, қоспалар мен композициялық материалдар) өндірісінде де, сол сияқты құйма бұйымдар алу үшін де пайдаланылады. Төмен тығыздықтағы этилен полимерлері құнының түпкі бұйымдардың өзіндік құнындағы үлесі өнімнің түріне қарай 5-30%-дан (көп қабатты пленкалар) 40-87%-ға дейін (стрейч-пленка, сыйымдылықтар, компаундтар) құрайды.

 

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес Ресейде төмен тығыздықтағы этилен полимерлерін шығарудың кең спектрі жолға қойылған. «Нижнекамскмұнайхим» ЖарАҚ, «Қазаноргсинтез» ЖарАҚ және 2020 жылғы қаңтардан бастап «БатСібмұнайхим» ЖШҚ - жетекші өндірушілер болып табылады. Аталған кәсіпорындардың жиынтық өндірістік қуаттары мен шығарылым жоспарлары ресейлік қайта өңдеушілердің ғана емес, сонымен бірге ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің қайта өңдеушілерінің де полиэтиленге деген қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

ЕЭК Кеңесінің шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.