Жүйеге кіру
ЕЭК пен ЕБҚ жаңа Кеден кодексі бойынша бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындысын шығарды

ЕЭК пен ЕБҚ жаңа Кеден кодексі бойынша бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындысын шығарды

19.03.2018

Евразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Мукай Кадыркулов Комиссия делегациясының Еуропалық бизнес қауымдастығының мүше компанияларының өкілдерімен және қауымдастықтың бас директоры Франк Шауффпен кездесуі барысында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Кеден кодексінің барлық жаңартпаларын іске асыру үшін нормативтік-құқықтық база әзірлеу 2019 жылға дейін созылады, деп хабарлады. Кездесуде ЕАЭО елдерінің жаңа кеден заңнамасы бойынша бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша пікір алмасылды.

Мукай Кадыркулов Еуропалық компаниялар өкілдеріне ЕАЭО Кеден кодексінің ережелерін құқық қолдану практикасына ендіру жұмысы туралы айтты. «Алғашқы кезеңде біз ЕАЭО Кеден кодексінің ережелерін іске асыру үшін жаңа кодекспен бір мезгілде күшіне енетін 30-дай шешім қабылдадық. Мұнымен жұмыс тоқтатылмайды – халықаралық нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу қоса санағанда 2019 жылға дейін созылады»,- деп атап көрсетті министр.

Бұл ретте Мукай Кадыркулов Одақтың жаңа кеден заңнамасының ережелерін іске асыратын нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге бизнесті тарту төмендегенін атап өтті. Мукай Кадыркулов   қауымдастықтың мүше компанияларының өкілдеріне қайырыла келе:  «ЕЭК Кеңесі мен Алқасының КК-тің жекелеген ережелерін дамытатын шешімдері бизнес ертең солар бойынша жұмыс істейтін өзінше бір қағидалар. Бірақ біз осы мәселелер бойынша іскерлік қоғамдастықтың  позициясы туралы сұрағанымызда, неге екені белгісіз бизнес үнсіз қалуда. Неліктен біз әрі қарай жақсартатын ештеңесі жоқ  жайлылық аймағын жасап тастадық?» - деп  көңіл аудара сөйледі.

ЕЭК министрі Комиссиямен өзара іс-қимылдың механизмдерін және СЭҚ қатысушыларының ұлтүсті реттеуші органда өз мүдделерін тікелей талап ету мүмкіндіктерін еске салып өтті.

Комиссияның Кедендік заңнама және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Дмитрий Некрасов та іскер қоғамдастықты ұлттық мемлекеттік органдармен және ЕЭК-пен неғұрлым тығыз өзара іс-қимыл жасауға шақырды.

«Кодекс бойынша бірінші тоқсандағы жұмыс кейбір мәселелерді алып тастағанымен, дәстүрге сай, кез келген жаңа құжат сияқты, қандай да бір проблемаларды тудырды. Осы жәйіттерді шешу немесе түзеу үшін бізде пысықтауды талап ететін барлық тармақтар бойынша шоғырландырылған позиция болғаны маңызды»,- деп атап көрсетті департамент директоры.

ЕАЭО КК жекелеген ережелерін іске асыру мерзімдері туралы кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап бере отырып, Дмитрий Некрасов бүгінде ұлтүсті деңгейінде кеден ісі саласында қабылданатын барлық шешімдерді іске асыру ЕАЭО елдері кеден органдарының ақпараттық жүйесін жаңғыртпайынша мүмкін болмайтынын түсіндірді.

Бизнес өкілдері Одақтың КК сәйкес кедендік реттеу туралы ұлттық заңдарды қабылдаудың кешіктірілуінен туындаған жұмыстағы күрделіліктерді еске салып өтті.

«ЕАЭО Кеден кодексінде шынында да ұлттық заңдарда белгіленуге тиіс нормалар бар. Бүгінгі таңда ұлттық реттеу туралы заң Қазақстанда ғана қабылданып, күшіне енді.Басқа қалған елдерде бұл мәселелер жекелеген уақытша шешімдермен айқындалған. Осындай заңдар қабылданған кезде ғана ЕАЭО жаңа кодексін іске асыру жөніндегі жолдың бірінші бөлігінен өттік деп айтуға болады»,- деп түйіндеді ЕЭК өкілі.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі (ЕАЭО КК) – халықаралық шарт, соған сәйкес ЕАЭО елдерінде кедендік реттеу жүргізіледі және тауарлар экономикалық айналымға түседі.

ЕАЭО КК 2010 жылдан бастап қолданылатын Кеден одағының Кеден кодексін алмастырып, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

ЕАЭО Кеден кодексін әзірлеу ЕЭК штаб-пәтерінде 2013 жылғы желтоқсаннан бастап жүргізілді. ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрінің басшылығымен халықаралық шартты әзірлеуге ЕАЭО елдерінің атқарушы билігінің мемлекеттік органдарының, бизнес-қауымдастықтарының 300-ден астам өкілі және Еуразиялық экономикалық комиссияның мамандары қатысты.