Жүйеге кіру
Владимир Гошин: «Кеден одағының кеден заңнамасын барынша кодификациялау – ең жақын уақытта шешімін табуы тиіс міндет»

Владимир Гошин: «Кеден одағының кеден заңнамасын барынша кодификациялау – ең жақын уақытта шешімін табуы тиіс міндет»

19.03.2013

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Владимир Гошин 2013 жылдың 15 наурызы күні Мәскеу қаласында өткен ТМД қатысушы елдерінің Халықаралық экономикалық форумының жұмысына қатысты.

Владимир Гошин Кеден одағын өркендеуге және кеден заңнамасын жетілдіру келешегіне арнаған баяндамасымен сөз алды. Өз баяндамасында Кедендік ынтымақтастық бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Кеден одағының құрылу кезеңдеріне тоқталып өтті, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеден одағының кедендік заңнамасына қатысты әзірлеп жатқан жоспарлары жайлы айтып берді.

«Бүгінгі таңда, кедендік заңнаманың құрылымын жеңілдету мақсатында оны барынша кодификациялау - аса өзекті міндеттерді бірі болып табылып отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізілуі кедендік заңнама жүйесін сыртқы экономикалық қызметтерге қатысушыларға аса түсінікті де ыңғайлы етпек» - деп атап өтті Владимир Гошин.