Жүйеге кіру
КО «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес Стандарттар тізбесіне өзгертулер енгізілді

КО «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес Стандарттар тізбесіне өзгертулер енгізілді

13.03.2014

12 наурыз күні Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының отырысында бәсекелестік, монополияға қарсы реттеу және техникалық реттеу саласындағы мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, техникалық реттеу саласында ЕЭК Алқасы зерттеу (сынау) және өлшеу ережелері мен әдістеріне, соның ішінде Кеден одағының (КО) «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау үшін және КО Комиссиясының 2011 жылдың 23 қыркүйегіндегі № 799 Шешімімен бекітілген өнімнің сәйкестігін бағалау (растау) үшін қажетті үлгі-нұсқаларды іріктеу ережелерін құрайтын Стандарттар Тізбесіне өзгертулер енгізді. 

Стандарттар тізбесіне енгізілген өзгертулер мынаны қарастырады: ISO халықаралық стандарттар негізінде қабылданған мемлекетаралық стандарттарды енгізу; ISO халықаралық стандарттарымен үйлестірілген, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасының ұлттық (мемлекеттік) стандарттарын енгізу; КО мүше-мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттарын ISO халықаралық стандарттар негізінде қабылданған, мемлекетаралық стандарттарға ауыстыру; өнімнің КО «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен реттемеленбейтін, көрсеткіштерге сәйкестігін сынау әдістерін белгілейтін стандарттарды алып тастау; Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясының ұлттық (мемлекеттік) стандарттарын, ондағы сынау әдістері Стандарттар тізбесіне енгізілген мемлекетаралық стандарттарда болған жағдайда, алып тастау; күші жойылған немесе сынау әдістері жоқ санитарлық нормалар мен ережелерді алып тастау. 

ЕЭК ескертпелеріне сәйкес бірқатар ұлттық (мемлекеттік) стандарттар үшін өтпелі кезең белгіленген, осы кезең ішінде ауыстырылатын және оны ауыстыратын стандарт қолданылуы мүмкін және сапа менеджменті жүйесінің стандарттары алынып тасталуы мүмкін.