Жүйеге кіру
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты ЕЭК-те жедел ден қою шараларын тұжырымдау жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты ЕЭК-те жедел ден қою шараларын тұжырымдау жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды

LBMV6103.jpg
19.03.2020

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің бұйрығымен 19 наурызда коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алумен байланысты жағдаят мониторингі және жедел ден қою шараларын тұжырымдау жөнінде уақытша үйлестіру кеңесі құрылды.

Кеңес «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтеріне коронавирустық инфекцияға қарсы күресте жәрдем көрсету және макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттықты қолдау, тауарлармен өзара сауданы, мүше мемлекеттердің аумақтарында жұмыс күшінің еркін жүріп-тұруын ескере отырып, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, мүше мемлекеттердің аумақтарында коронавирустық инфекцияның таралмауы жөнінде келісілген шаралар мен ұсынымдар тұжырымдау мақсатында» құрылды.

Уақытша үйлестіру кеңесіне коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған шараларды Одақ елдерінде іске асыру мониторингін жүзеге асыру, бұл ақпаратты ЕАЭО-ның ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз ету, өзара ақпарат алмасу механизмдерін айқындау, Одақ елдері халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің жұмысын жандандыру және шешімдерін іске асыруға жәрдемдесу тапсырылды.

Кеңес, бұдан басқа, мониторинг және ақпарат алмасу нәтижелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді, оларды ЕЭК Алқасының Төрағасына және қажет болған жағдайда - Комиссия Алқасы мен Кеңесі отырыстарында қарау үшін ұсынады.

Уақытша үйлестіру кеңесінің құрамына Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министр Нурлан Акматов, Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Гегам Варданян, Интеграция және макроэкономика жөніндегі министр Сергей Глазьев, Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министр Тимур Жақсылықов, Техникалық реттеу жөніндегі министр Виктор Назаренко және Сауда жөніндегі министр Андрей Слепнев кірді.​