Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Нұрлан Алдабергенов Тараз қ. (Қазақстан) «дөңгелек үстелде» КО мен БЭК елдеріндегі бәсекелестіктің тең шарттарын қамтамасыз ету туралы баяндамасымен баяндама жасады

ЕЭК министрі Нұрлан Алдабергенов Тараз қ. (Қазақстан) «дөңгелек үстелде» КО мен БЭК елдеріндегі бәсекелестіктің тең шарттарын қамтамасыз ету туралы баяндамасымен баяндама жасады

19.05.2014

15 мамыр күні Тараз қ. (Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы) Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау бойынша агенттігімен (БҚА) бірігіп бәсекелестікті адвокаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде «Химиялық өнеркәсіп өнімдерінің тауар нарықтары, теміржол және әуе тасымалдарындағы бәсекелестіктің тең шарттарын қамтамасыз етудің құқықтық аспектілері» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысына ЕЭК Бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов, БҚА төрағасы Ғалым Оразбақов, Беларусь Республикасы Экономика министрінің бірінші орынбасары Анатолий Филонов, Қазақстан Парламентінің депутаттары, Қазақстандағы Белоруссия Елшілігінің өкілдері, Белоруссия, Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік органдары, ғылыми айналасы, бизнес-қауымдастықтарының өкілдері қатысты. 

Іс шара барысында КО мен БЭК елдерінің бәсекелестік заңнамасын жетілдіру, БЭК тауарлық нарықтарындағы, соның ішінде химиялық және мұнай химиялық өнеркәсіп, теміржол және әуе тасымалдарындағы бәсекелестіктің тең шарттарын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетілдіруге ерекше назар аударылды.

2013 жылдың қазан айында Бәсекелестік туралы модельдік заң қабылданды, ол КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің бәсекелестігін қорғау туралы заңның негізгі ережелеріне бірыңғай шешімдерді белгілейді. Бәсекелестік туралы модельдің заңның негізіне Белоруссия, Қазақстан, Ресейдің және шетелдік бәсекелестік ведомстволардың монополияға қарсы заңнамасының ең үздік нормалары енді. «Үш ел арасындағы өзара саудада Біртұтас экономикалық кеңістіктің аумағында бәсекелестік саясат саласындағы экономикалық қатынастардың құқықтық реттелуін жақындату маңызды. «Бәсекелестік туралы» модельдік заңның мақсаты осы болып табылады», - деп баса айтты Нұрлан Алдабергенов.

Осы уақытта Қазақстан Республикасы үшін отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі нарықты қорғауға, тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытуға инвестицияларды тарту және бағаларды азайтуға бағытталған жаңа нормаларды ұлттық заңнамаға енгізу керек. Аталған нормалардың жиынтығы бәсекеге қабілеттік рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымдарын күшейту және шетел серіктестермен, соның ішінде үшінші елдерден серіктестермен «тең» бәсекелестік күресін жүргізу мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, трансшекаралық тауарлық нарықтарды зерттеу мәселелері қозғалған болатын. ЕЭК жүргізген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, синтетикалық жуғыш құралдар нарығында Белоруссия мен Қазақстандағы ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін меншік өндірістің жеткіліксіз көлемі байқалады. Тапшылық сәйкесінше 40 және 80 % құрайды.

Бұдан басқа, роуминг нарығына жүргізілген талдау үй желісіндегі халықаралық қоңырау тарифтерімен салыстырғанда роумингтегі қоңырауларға тарифтердің 20-50 есе жоғарылағанын көрсетті. Роумингтегі тарифтерді азайту БЭК аумағындағы жұмыс күшінің және бизнестің орын ауыстыру еркіндігін, сонымен қатар телекоммуникациялық желілердің дамуын қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.

Жолаушылар әуе тасымалының нарығында Нұрлан Алдабергенов бәсекелестік деңгейі жоғары және төмен маршруттарда әуекомпаниялардың тарифтерінің үлгілерін келтірді. Сөйтіп, «Трансаэро» авиакомпаниясының Мәскеу-Астана (2290 км), Мәскеу-Қарағанды (2478 км) рейстеріндегі бағалар 2 есе ерекшеленеді, бұл ретте Астана мен Қарағанды қалаларының арасындағы қашықтық бар жоғы 200 км құрайды. (сәйкесінше 61 мың теңге және 23 мың теңге). БЭК аумағында жолаушыларды теміржол және әуе көлігімен тасымалдаудың бағаларын салыстыру көрсеткендей, алдын ала сатып алған кезде Қазақстан, Ресей және Белоруссияның астаналары арасындағы авиабилеттің бағасы шамамен бірдей, ел кейбір бағыттарда сол маршрут бойынша купе вагонмен жол жүруге қарағанда арзан. Бұл жағдай экономикалық қисынсыздық болып табылады, деп атап өтті ЕЭК Министрі. 

Электроэнергетикалық нарықты зерттеу нәтижелері Қазақстан мен Ресей субъектілерінің электр энергиясын трансшекаралық жеткізген кезде мүмкін бұзушылықтарды анықтады. Сөйтіп, Қазақстанда Екібастұз ГРЭС-1 өндірілетін электр энергиясының айтарлықтай көлемін Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы бола тұра, қазақстандық нарыққа қарағанда Ресейге аса төмен бағамен өткізеді. Сол уақытта, электр энергиясы тапшы болып табылатын Қазақстанның батыс облыстары оны Ресейден жоғары баға бойынша алады. ЕЭК үш елдің бәсекелестік органдарымен бірігіп, аталған нарықтарды зерттеу бойынша жұмыс жалғасады.

«Параллельді импорт» мәселелерін сондай-ақ «дөңгелек үстелге» қатысушылар талқылады. ЕЭК өкілдерінің ойынша, тәуелсіз жеткізушілер мен ресми дилерлер арасындағы бәсекелестікті дамыту арқылы оны жекешелендіру импортталатын брендтік тауарларға бағаны айтарлықтай төмендету мүмкіндігін береді. 

Қорытындысында Нұрлан Алдабергенов бәсекелестікті адвокаттандыру шеңберіндегі одан арғы жоспарлар туралы, сонымен қатар Уфа, Калининград, Минск, Витебск, Орал, Хабаровск қалаларында жоспарланған іс-шаралар туралы хабарлады.