Жүйеге кіру
ЕАЭО мемлекеттерінің 2020-2021 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары бекітілді

ЕАЭО мемлекеттерінің 2020-2021 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары бекітілді

19.05.2020

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің 2020-2021 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын бекітті.

Құжатқа мүше мемлекеттердегі экономикалық жағдаятты жақсарту және коронавирустық инфекцияның пандемиясы мен шикізат бағаларының күрт төмендеуіне байланысты сыртқы күйзелістердің экономикалық салдарын барынша азайту жөніндегі ұлттық және интеграциялық шаралар кешені кірістірілген.

ЕАЭО макроэкономикалық саясатының орташа мерзімді перспективадағы мақсаттары – макроэкономикалық тұрақтылықты және халықтың қол жеткізген өмір сүру деңгейін сақтау, Одақтың озыңқы экономикалық дамуы үшін база құру. Оларға макроэкономикалық орнықтылықты қолдауға, инвестицияларды озыңқы өсіруге, ЕАЭО-ның ғылыми-технологиялық және өндірістік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ тұрақты сұранысты қолдау үшін жағдайлар жасауға, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге және өзара сауданы жандандыруға бағытталған пәрменді шаралар қабылдау арқылы қол жеткізу көзделген.

Комиссия тұжырымдаған ұсыныстар коронавирус пандемиясына байланысты макроэкономикалық тұрақтылық қаупіне, тауар және қаржы нарықтарындағы тұрақсызданудың басқа да тәуекелдеріне кешенді ден қою қажеттігі жағдайында Одақ елдері үшін ерекше өзектілікке ие бола түседі.

ЕЭК мүше мемлекеттер іске асырып жатқан шараларды талдайды және олардың Одақ мемлекеттерінің 2020-2021 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының бекітілген негізгі бағдарларына сәйкестігін бағалайды.​