Жүйеге кіру
ЖЕЭК: Одақтың трансшекаралық нарықтары «жұмсақ» реттелетін болады

ЖЕЭК: Одақтың трансшекаралық нарықтары «жұмсақ» реттелетін болады

19.05.2020

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2019 жылғы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және оларда бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзудың жолын кесу жөнінде Еуразиялық экономикалық одақта қабылданатын шаралар туралы жылдық есепті мақұлдады.

 

Одақта тауарлар қозғалысы жолындағы тосқауылдарды жою жөнінде дәйекті жұмыстар жүргізіліп жатқаны, кәсіпкерлер үшін нарықтардың көбі ортақ әрі ашық болып түскені есепте атап өтілген. Осыған байланысты олардың құқықтарын қорғаудың маңызды элементі – Комиссияның ЕАЭО-ның екі және одан да көп мемлекетінің аумағындағы трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікті дамыту және қорғау жөніндегі қызметі болып табылады.

 

Құжатта осы саладағы ЕЭК жұмысының басым бағыттары бөліп көрсетілген. Солардың бірі – трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылауға байланысты. Өткен жылы Комиссия жалпы қағидаларды бұзу белгілері бойынша 17 өтінішті қарады. Ең көп таралғаны – үстем жағдайды теріс пайдалану және жосықсыз бәсекелестік болып шықты. Комиссияның монополияға қарсы блогы тоғыз тергеп-тексеру жүргізді және осындай бұзушылық фактілері бойынша сегіз істі қарады.

 

Алайда тергеп-тексеру мен іс қозғаудан құтылуға болатын жағдайлар бар. Одақ құқығында «жұмсақ реттеу» механизмі таяуда пайда болды, бірақ өткен жылдың өзінде Комиссия ЕАЭО-ның әртүрлі нарықтарындағы бәсекелестік қағидаларын бұзуды жою жөнінде жеті ұсыныс әзірледі. Бұл енді мүндай жазаны Одақтың трансшекаралық нарықтарында бәсекелестік шарыттарын жасауды қамтамасыз ететін алдын алу шараларына қарай ауыстыруға ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

 

Комиссияның Одақ елдері үшін дайындаған және ұсынып отырған «жұмсақ ден қою» құралдарының арасында – алдын ала ескерту және алдын ала сақтандыру бар. Алдын ала ескерту трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтінішті (материалдарды) қарау сатысында заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ, егер олардың іс-әрекеттерінде бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері байқалса, коммерциялық емес ұйымдарға берілетін болады.

 

Егер трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзуға осындай мінез-құлықтың (ниеттің) әкеп соғуы мүмкін болса және бұл ретте тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздер жоқ болса, шаруашылық жүргізуші субъектінің лауазымды адамының немесе жеке тұлғаның трансшекаралық нарықтағы жоспарланған мінез-құлқы (ниеттері) туралы жария мәлімдемесі анықталған кезде Комиссия алдын ала сақтандыру жібереді.

 

Бәсекелестік заңнамасының тиісті өзгерістері 2019 жылғы қазанда ЖЕЭК отырысында мақұлданды және қазір Одақ елдерінде ратификациялану үстінде.

 

Комиссиясының Қоғамдық қабылдауының көшпелі отырыстары бизнеспен тікелей диалог орнатуға, сондай-ақ кәсіпкерлердің адал бәсекелестік қағидалары туралы хабардар болушылығын арттыруға үндейді. 2019 жылы ЕЭК-тің бәсекелестік блогының сарапшылары одақтық елдердің әртүрлі аймақтарында 22 кездесу өткізді. Одақтың трансшекаралық нарықтарында бизнес жүргізетін 700-ден астам кәсіпкер бұлардың қатысушысы болды.

 

Баяндамада көрсетілген жұмыстың басқа бағыты – импорт кезінде демпингке қарсы баж қолданылатын бірқатар тауар бағаларының тұрақты мониторингі. Ол тұтынушылар мен өндірушілердің мүдделерін қорғауға, нарықтың барлық ойыншылары үшін тең бәсекелестік шарыттарын сақтауға көмектеседі.

 

Тағы бір маңызды бағыт – ЕЭК-тің осы саладағы жұмысының ашықтығын арттыру, бұған ақпараттық технологияларды енгізу айтарлықтай дәрежеде ықпал етеді. Өткен жылғы қарашада Комиссия Алқасы бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша ЕЭК пен одақтық елдердің уәкілетті органдары арасында құжаттар мен мәліметтерді электрондық форматта алмасуға мүмкіндік беретін қағидаларды қабылдады.

 

Халықаралық ынтымақтастық та Комиссия жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. ЕАЭО-ның монополияға қарсы заңнамасын жақсарту мақсатында жетекші монополияға қарсы (бәсекелестік) ведомстволарының таңдаулы әлемдік тәжірибелері зерделенуде, ЭЫДҰ-мен, БҰҰ-мен, ТМД-мен және басқалармен ынтымақтастық орнатылған.

 

Комиссияның бәсекелестікті қорғау саласында өткізетін іс-шаралар кешені бестік елдерінің бизнесі үшін қолайлы шарыттар жасауға бағытталған.

 

ЖЕЭК тапсыруы бойынша жылдық есеп ЕЭК-тің ресми сайтында орналастырылатын болады.​