Жүйеге кіру
ЕЭК-ның Сауда министрі Вероника Никишина Вьетнамның Өнеркәсіп және сауда министрі Чан Туан Аньмен кездесті

ЕЭК-ның Сауда министрі Вероника Никишина Вьетнамның Өнеркәсіп және сауда министрі Чан Туан Аньмен кездесті

Фото-1.JPG
19.06.2018

2016 жылғы 5 қазанда күшіне енген, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісімнің іске асырылуын 18 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының мүшесі (министрі) Вероника Никишина және Вьетнамның Өнеркәсіп және сауда министрі Чан Туан Ань талқылады. Сауданы дамытудың оң үрдістері, көбінесе келісімнің әрекетіне байланысты болған үрдістер атап өтілді.

Одаққа мүше мемлекеттер мен Вьетнамның арасындағы бизнесті толғандыратын мәселелерге ерекше көңіл бөлінді. Олардың арасында: Вьетнамнан әкелінетін жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне қатысты триггерлік қорғаныс шараларын қолдану және Беларусь пен Ресей моторлы көлік құралдарын Вьетнам аумағында өнеркәсіптік тәсілмен жинау жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері бар. Тауарларды шығарған елді верификациялау және электрондық сертификаттау жүйесін әзірлеу тақырыбы да сарапқа салынды. Ол 2018 жылдың соңына дейін құрылып, бұл үшін жекелеген халықаралық келісімге қол қойылуы тиіс. Жүйе, преференциялық саудаға қатысушылардың тауарларды кедендік тазартуға, сондай-ақ шығарылған жерін верификациялауға жұмсайтын уақыты мен қаражатын үнемдеуіне мүмкіндік беретін болады.

Талқылау қорытындысы бойынша, тараптар ЕАЭО елдері мен Вьетнам арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара іс-қимылды одан әрі дамыту туралы келісіп, күзге қарай Вьетнамда Еркін сауда туралы келісім бойынша Бірлескен комитеттің екінші отырысын өткізуді жоспарлады.