Жүйеге кіру
ЕЭК Кәсіпкерлікті дамыту департаменті Тараптармен бірлесе отырып, Зияткерлік меншік нысандарының құқығын қорғау бойынша әрекеттерді үйлестіру туралы Келісімшарт жобасын дайындады және келістірді.

ЕЭК Кәсіпкерлікті дамыту департаменті Тараптармен бірлесе отырып, Зияткерлік меншік нысандарының құқығын қорғау бойынша әрекеттерді үйлестіру туралы Келісімшарт жобасын дайындады және келістірді.

19.07.2013

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кәсіпкерлікті дамыту Департаменті Тараптармен бірлесе отырып, Зияткерлік меншік нысандарының құқығын қорғау бойынша әрекеттерді үйлестіру туралы Келісімшарт жобасын дайындады және жиналыста оны келістірді (бұдан әрі – Келісімшарт жобасы).

ЕЭК кәсіпкерлікті дамыту Департаменті директорының орынбасары Самат Әлиев төрағалық еткен жиналысқа Кәсіпкерлікті дамыту Департаментінің қызметкерлері, Кедендік заңнамалар Департаменті мен ЕЭК құқық қолдану практикасы қызметкерлері, Тараптардың өкілетті органдары – ҚР Әділет министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, РФ-дегі Қазақстан Республикасы Елшілігі, РФ Экономикалық даму министрлігі, РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі, РФ Сыртқы істер министрлігі, РФ Білім және ғылым министрлігі, РФ Ішкі істер министрлігі, Федералдық Қеден қызметі мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Жиналысқа қатысушылар РФ Экономикалық даму министрлігінің осы Келісімшартқа жауапты қызметкері ұсынған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, толықтырылған Келісімшарт жобасын талқылады. Қазіргі уақытта Келісімшарт жобасын таяу уақытта Комиссия Алқасында қарауға ұсыну жоспарланып отыр.

Келісімшарт жобасында Тараптар Зияткерлік меншік нысандарының құқығын авторлық және аралас құқықтарына, тауарлық белгілерге, қызмет көрсету белгілеріне және Тараптардың мемлекеттері тауарларының шығу тегінің атауларына қатысты қорғау бойынша бірыңғай жүйе қалыптастыру қажеттілігін негізге ала отырып, Тараптар өкілетті органдардың өзара тиімді байланысы мен ынтымақтастығын қамтамасыз ететіндігі қаралады.

Өкілетті органдардың өзара тиімді байланысының негізгі алаңы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жанындағы Зияткерлік меншік бойынша Консультативтік комитеті болып табылады.

Құжатта зияткерлік меншік нысандарының құқығын қорғау мақсатында Тараптардың бірлескен әрекеттері және сондай-ақ Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігі аумағына контрафактілік тауарлар айналымын тиімді тоқтатуды қамтамасыз ету әрекеттері толық жазылған. Бұл жерде сөз Зияткерлік меншік құқықтарын бұзудың алдын алу, анықтау мен тоқтату бойынша; тараптардың өкілетті органдары әрекеттерін жетілдіру бойынша; Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігі аумағында Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында өкілетті органдар арасындағы әрекеттерді үйлестіру болып отыр.

Келісімшарт жобасына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия өкілетті органдармен бірлесе отырып:

· Тараптар мемлекеттерінің аумағында Зияткерлік меншік құқықтарын бұзуды тоқтату бойынша әрекеттерді талдайды, сонымен қатар осы салада құқықбұзушылықтың алдын алу, анықтау, тоқтату мен тексеру саласындағы процестерді болжау;

· Зияткерлік меншік нысандарының құқықтарын қорғау тиімділігін көтеру бойынша, соның ішінде Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігі аумағына контрафактілік тауарлар айналымының алдын алу бойынша ұсыныстар жасайды;

· Тараптар мемлекеттерінің аумағында Зияткерлік меншік нысандарының құқықтарын қорғауға бағытталған Тараптар мемлекеттерінің құқық қолдану тәжірибесін, соның ішінде осы саладағы халықаралық Келісімшарттарды талдайды;

· Зияткерлік меншік нысандарының құқықтарын қорғау саласындағы өкілетті органдар мен Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге бағытталған бірлескен семинар, конференция және тағы да басқа іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.

Бұдан басқа, жиналыстың қорытындысы бойынша Комиссияға Тараптармен бірлесе отырып, Зияткерлік меншік саласында құқықбұзушылықты тоқтатуға, сондай-ақ ақпарат беруге және онымен жұмыс жасауға ықпал ету бойынша, Тараптардың өкілетті органдарының өзара байланыс тәртібін қарайтын Келісімшарт регламентін жасау ұсынылды.

Анықтамалық ақпарат.

2010 жылдың 9 желтоқсанындағы Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы реттеудің Бірыңғай қағидаттары туралы Келісім және Еуразиялық экономикалық комиссияның 2011 жылдың 18 қарашасындағы Келісімшарты Зияткерлік меншік нысандарының құқығын қорғау бойынша әрекеттерді үйлестіру туралы Келісім-шарттың әрекет етуінің негізі болып саналатын базалық құжаттар болып табылады. http://www.eurasiancommission.org/ru/act/finpol/dobd/intelsobs/Pages/normpravdoc.aspx

http://www.eurasiancommission.org/ru/Lists/EECDocs/Договор о ЕЭК.pdf.