Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Виктор Назаренко: «Өндірілетін өнімнің сыртқы нарықтарға шығуы үшін оның сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің келісілген саясаты қажет»

ЕЭК министрі Виктор Назаренко: «Өндірілетін өнімнің сыртқы нарықтарға шығуы үшін оның сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің келісілген саясаты қажет»

2.jpeg
19.07.2019
Минскіде Беларусь Республикасы Президенті жанындағы Басқару академиясында Беларусь дипломатиялық миссияларының басшылары үшін өтіп жатқан семинарда ЕЭК-тің Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренко Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) құрылатын техникалық реттеудің бірыңғай жүйесінің міндеттерін атады.

Оның біріншісі - ішкі саудадағы техникалық тосқауылдарды алып тастау, өнімге қойылатын бірыңғай міндетті талаптарға және оны нарыққа жіберудің бірыңғай рәсімдеріне шығу. Екіншісі – нарықты қауіпсіз емес өнімнен қорғауды қамтамасыз ету. Үшіншісі - шығарылатын өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру. «Бүгінгі таңда ЕАЭО-ның ортақ нарығында айналыста жүрген өнімнің қауіпсіздігіне басты назар аударылып отыр. Сонымен бірге, Одақта өндірілетін өнімнің сыртқы нарықтарға шығуы үшін оның сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде мүше мемлекеттердің келісілген саясаты қажет», - деп атап өтті ЕЭК министрі.
Виктор Назаренко ЕАЭО сарапшылары кеңінен талқылап жүрген, Одақ елдері өнеркәсібінің мүдделерін қорғаудың негізгі құралдарының бірі және нарыққа қауіпсіз өнім түсуінің кепілгері ретіндегі өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау тақырыбын да қозғап өтті.
«Техникалық реттеу саласындағы бірыңғай рұқсат ету құжаттарын бекіткеннен кейін Одақ елдері сәйкестікті бағалаудың елеулі проблемаларына тап болды, - деді ЕЭК-тің Алқа мүшесі. - Сынақ зертханалары мен уәкілетті шетелдік әзірлеушілерді қоса, сәйкестікті бағалау жөніндегі жосықсыз органдардың қызметі сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың «сұрқай» нарығының қалыптасуына әкелді, бұл қауіпсіздігі расталмаған айтарлықтай көлемдегі импорттық өнімнің жеткізілуіне соқтырды».
Еуразиялық экономикалық комиссия Одақ елдерінің уәкілетті органдарымен бірге бұл саланы тәртіпке келтіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, сәйкестікті бағалау жөнінде берілген құжаттардың тізілімдеріне, сертификаттау жөніндегі органдарға және сынақ зертханаларына тексерістер жүргізілуде.
ЕЭК министрі ЕАЭО-дағы тұтынушыларды қауіпсіз емес өнімнен сенімді қорғауды қамтамасыз ету үшін сәйкестікті бағалау механизмін солай реформалау қажеттігін атап көрсетті.
Тақырыпты дамыта келе, Виктор Назаренко техникалық регламенттердің міндетті талаптарын орындауды мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) тиімді механизмін құруға ерекше назар аударды. «Одақта алты техникалық регламенттің мысалында ЕАЭО-ның «Қауіпті өнім туралы хабардар ету жүйесі» пилоттық жобасы іске асырылуда. Таяудағы екі жылдың ішінде біз қауіпсіз емес өнімді қадағалап байқауға және оны айналыстан шығару жөнінде кешенді шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ақпараттық жүйені құруға тиіспіз»,- деді ол.
Беларусь дипломатиялық корпусының өкілдеріне қайырыла келе, Виктор Назаренко Одақ мемлекеттерінің ЕЭК-пен бірлесіп үшінші елдермен саудадағы техникалық тосқауылдарды жою бойынша құқықтық база құру жөнінде жүргізіп жатқан жұмысының маңыздылығын атап өтті. Ол таяу уақытта ЕАЭО шеңберінде Үшінші елдермен саудадағы техникалық тосқауылдарды жоюдың тәртібі мен шарттары туралы келісімге қол қойылатындығы туралы әңгімеледі. Тиісті, соның ішінде мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау нәтижелерін өзара тану мүмкіндігін қамтамасыз ететін механизмдер құрылатын болады. «Бұл Келісім Одақ елдерінің негізгі сауда-экономикалық әріптестерімен пәрменді өзара іс-қимылды жолға қоюына мүмкіндік береді»,- деп атап көрсетті ол.