Жүйеге кіру
ЕЭК пен РФ СӨП Ресей бизнесі өкілдерінің қатысуымен бірлескен отырыстар өткізеді

ЕЭК пен РФ СӨП Ресей бизнесі өкілдерінің қатысуымен бірлескен отырыстар өткізеді

19.09.2019
Бұл туралы 16 қыркүйекте Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Серік Жұманғарин мен Ресей Федерациясы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сергей Катырин уағдаласты.

Бизнеспен кездесуді Ресейдің Беларусь Республикасымен және  Қазақстан Республикасымен шекаралары маңындағы қалаларында өткізу жоспарлануда. Оған қатысуға Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) трансшекаралық нарықтарына бизнес-мүдделерінің қатысы бар кәсіпкерлер шақырылатын болады. Қазір Палата мен Комиссия өкілдерінің ұйымдастыру мәселелерін келісу жөніндегі келіссөздері жүргізілуде.

Тараптар Нұр-Сұлтанда (Қазақстан Республикасы) Ресей сауда желілері өкілдерінің, қазақстандық тауар өндірушілердің, бизнес пен сауда желілері өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізу мәселесін де талқылады. Отырыста Қазақстан өндірушілерінің Ресейдің сауда желілеріне қол жеткізу мәселесін талқылау жоспарланып отыр.