Жүйеге кіру
Серік Жұманғарин: «ЕАЭО-ның бәсекелестік мәселелері жөніндегі құқығын жетілдіру кезінде халықаралық тәжірибе өте маңызды»

Серік Жұманғарин: «ЕАЭО-ның бәсекелестік мәселелері жөніндегі құқығын жетілдіру кезінде халықаралық тәжірибе өте маңызды»

Серик 19.jpg
19.09.2019
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Серік Жұманғарин 18 қыркүйекте БРИКС-тің бәсекелестік ведомстволарының ынтымақтастығы мәселелері бойынша жалпы отырыста халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық және Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) құқығын жетілдіру туралы айтып берді. Ол ірі трансұлттық компанияларға қатысты тергеп-тексеру жүргізу кезінде Комиссияда сыртқы аумақтық өкілеттіктер жоқ болуына байланысты үшінші елдердің бәсекелестік ведомстволарының көмегі қажет екендігін атап өтті.

ЕЭК министрі ЕАЭО елдерінің бәсекелестікке қарсы ведомстволарымен бірлескен жұмыстың нәтижелеріне жан-жақты тоқталды. «Біз олардың ұсыныстарын, ұлттық заңнамасының ерекшелігі мен құқық қолдануын ескере отырып, ұлттық бәсекелестік ведомстволарымен бірлесіп ЕАЭО құқығын жетілдірудеміз»,- деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Комиссияның таңдаулы әлемдік практикаларды пайдалана бастауының өзі осы ойдағыдай ынтымақтастықтың нәтижесі болып отыр. Бүгінде «жұмсақ құқық» құралы әзірленді және ендірілді. Оны қолдану 2018 жылдан бастап қатысушы елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне жазалау функцияларын қолданбай-ақ трансшекаралық нарықтарда бәсекелестік қағидалары бұзылуы белгілерін жою жөнінде 13 ұсыныс жобасын беруге мүмкіндік жасады.

Сөзінің соңында Серік Жұманғарин отырыс барысында айтылған бәсекелестік саясат саласындағы өзекті мәселелер бірлесіп талқылаудың нысанасы болуы мүмкін екендігін атап өтті. ЕЭК Алқасы мүшесінің пікірінше, БРИКС елдері ведомстволарымен өзара ынтымақтастық алдағы ынтымақтастықтың тұғырнамасы бола алатын бірлескен меморандумға қол қоюға қозғау салуы мүмкін.