Жүйеге кіру
ЕЭК кедендік реттеуді дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын дайындау шеңберінде СЭҚ қатысушыларымен сауалдама жүргізеді

ЕЭК кедендік реттеуді дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын дайындау шеңберінде СЭҚ қатысушыларымен сауалдама жүргізеді

19.10.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия кедендік реттеуді дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын дайындау шеңберінде тақырыптық зерттеу жүргізеді. Оның мақсаты кедендік әкімшілік жүргізу мен реттеудің ағымдағы дамуын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде оны жетілдіру перспективаларын талдау болып табылады.

Сауалдама нәтижелері проблемалық мәселелерді, осал жерлерді, сондай-ақ бизнестің кедендік реттеу мен әкімшілік жүргізу бөлігіндегі қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Сауалдама әрбір мүше мемлекетте өткізіледі, бұл жиналған ақпаратқа сапалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Сауалдама үстіміздегі жылғы қоса алғанда 25 қазанға дейін созылады.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды сауалдамаға қатысуға шақырамыз.


Армения Республикасындағы СЭҚ қатысушылар үшін сауалдама

Беларусь Республикасындағы СЭҚ қатысушылар үшін сауалдама

Қазақстан Республикасындағы СЭҚ қатысушылар үшін сауалдама

Қырғыз Республикасындағы СЭҚ қатысушылар үшін сауалдама

Ресей Федерациясындағы СЭҚ қатысушылар үшін сауалдама​