Жүйеге кіру
ЕЭК және Таиланд Үкіметі Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ЕЭК және Таиланд Үкіметі Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

IMG_7736 (1).jpg
19.11.2018
Құжат Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттері мен Таиланд Корольдігі арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған. Бұл болашақта тауарлар мен қызметтер көрсетудіңөзара саудасы көлемін арттыруға, инвестицияларды өсіруге мүмкіндік береді.

Меморандумға 19 қарашада Бангкокте (Таиланд) Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Макроэкономика және интеграция жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая мен Таиланд Корольдігінің Сауда министрі Сонтират Сонтихиравонг қол қойды. «Меморандумды іске асыру ЕАЭО елдері мен Таиланд арасындағы өзара қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететін болады әрі бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің тікелей байланысуды дамытуына жаңа серпін беретіні сөзсіз және, сайып келгенде, біздің мемлекеттеріміздің азаматтарының игілігіне оң әсер етеді»,- деп атап көрсетті Татьяна Валовая.

ЕАЭО елдері мен Таиландтың өзара іс-қимылы бірлескен жұмыс тобы шеңберінде жоспарлануда. Бұл ретте тараптар тәжірибе алмасатын, бірлескен конференциялар, форумдар, соның ішінде іскер қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізетін, талдамалық материалдар дайындайтын болады.

Құжатта атап өтілгеніндей, ынтымақтастықтың мақсаты «тауарлар мен қызметтер көрсетудіңөзара саудасы көлемдерін арттыру, инвестицияларды өсіру, сауданы дамытуға және инвестицияларды тартуға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға бағытталған шараларды іске асыру үшін» жан-жақты өзара іс-қимылды дамыту болып табылады.

Тараптар өңірлік экономикалық интеграция, сауда саясаты, кедендік және техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар, энергетика саясаты және басқа осы сияқты бағыттар бойынша ынтымақтасуға ниетті.

Меморандум жасасу алдында Татьяна Валоваяның Таиланд Сауда министрі Сонтират Сонтихиравонгпен жұмыс кездесуі болды, оның барысында, бірлескен іс-шаралар жоспарын қоса алғанда,ЕЭК-тің Таиланд Корольдігі Үкіметімен өзара іс-қимылының алгоритмі талқыланды. ЕЭК делегациясы сапарының бағдарламасында тайлық іскер топтардың өкілдерімен кездесу де көзделген.