Жүйеге кіру
ЕЭК мен Еуразияның орталық депозитарийлері қауымдастығы ынтымақтастық туралы меморанудмға қол қойды

ЕЭК мен Еуразияның орталық депозитарийлері қауымдастығы ынтымақтастық туралы меморанудмға қол қойды

19.11.2019

14 қарашада Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде ЕЭК Алқасы жанындағы Қаржы нарықтары бойынша консультативтік комитет және Еуразияның орталық депозитарийлері қауымдастығы (ЕОДҚ) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. ЕЭК тарапынан меморандумға Экономика және қаржы саясаты жқніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов және ЕОДҚ тарапынан - Қауымдастық төрағасы Ваган Степанян қол қойды.

Тимур Жақсылықов атап өткендей, ЕЭК үшін ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын құруға, қаржы нарықтарының биржаларында және биржадан тыс сегменттеріндегі қаржылық операциялардың ашықтығын арттыруға, ұлттық қаржы жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерді біріктіру өте маңызды.

«Меморандум шеңберінде біз қаржы нарықтарын, құнды қағаздар нарығын дамыту, бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру және қаржы нарықтарының интеграцияланған инфрақұрылымын құру бойынша стратегиялық ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниеттіміз», - деп атап көрсетті ЕЭК министрі.
ЕЭК пен ЕОДҚ үшін өзара мүдде сонымен қатар бірлескен талдамалы зерттеулер жүргізу, талдамалы шолулар мен жарияланымдар дайындау, форумдар, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізу, статистикалық, талдамалық және анықтамалық материалдармен алмасу болып саналады.

«Есеп айырысу депозитарлық жүйелерін, ұлттық төлем жүйелерін, клиринг операцияларын, ЕАЭО мүше мемлекеттердің сауда репозитарлық жүйелерін және жаңа қаржы технологияларын пайдалану мен дамыту бойынша өзара іс-қимылдың айрықша маңызы бар», - деп атап өтті Тимур Жақсылықов.

 

Анықтама

Еуразияның орталық депозитарийлері қауымдастығы 2004 жылғы 22 желтоқсанда Мәскеуде құрылтай конференциясы барысында құрылды, онда Еуразияның орталық депозитарийлері қауымдастығын құру туралы қарарға қол қойылды және басым міндеттер айқындалды.

Еуразияның орталық депозитарийлері қауымдастығына Еуразияның 15 елінен 16 орталық депозитарий кіреді, бұлар: Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия Республикасы, Үндістан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы, Молдова Республикасы, Моңғолия Республикасы, Ресей Федерациясы, Корея Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Украина.

ЕОДҚ-ның негізгі міндеттері - ортақ депозитарий кеңістігін құру, нормативтік-құқықтық базаны біріздендіру, құнды қағаздар аударымының трансшекаралық операцияларын қамтамасыз ету жөнінде қатысушылардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру, депозитарлық есеп пен есептіліктің біріздендірілген стандарттарын жасау болып табылады.