Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі бірқатар тауарларға қатысты міндетті таңбалауды енгізуді мақұлдады, роумингтегі мобильді байланыс қызметтерін көрсету тарифтерін төмендету мәселесін талқылады, өнім туралы хабардар ету жүйесін құру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру жөнінде ш

ЕЭК Кеңесі бірқатар тауарларға қатысты міндетті таңбалауды енгізуді мақұлдады, роумингтегі мобильді байланыс қызметтерін көрсету тарифтерін төмендету мәселесін талқылады, өнім туралы хабардар ету жүйесін құру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру жөнінде ш

19.11.2019
18 қарашада Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үкімет басшыларының орынбасарлары мен ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысы өтті. ЕЭК Кеңесінің мүшелері Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту, ішкі нарықтың жұмыс істеуі, ЕАЭО елдерінің экономикаларын цифрландыру, бірқатар тауарларды сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауды енгізу, қаржы саясаты, қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы, өнеркәсіп, техникалық реттеу, халықаралық ынтымақтастық және басқа да бірқатар салалардағы мәселелерді қарады.

ЕЭК Кеңесі Ресей Федерациясының әтірлер мен иіссуларға, шиналар мен жаңа пневматикалық резеңке доңғалақ тыстарына, фотокамераларға (кинокамералардан басқа), фотожарқылдарға және жарқыл-шамдарға, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген позицияларына қатысты міндетті таңбалауды енгізу туралы ұсыныстарын қарады және мақұлдады. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. Өз аумағында таңбалауды енгізу мерзімін әр ел өзі айқындайды.

Бұл ретте жеңіл өнеркәсіптің таңбаланбаған тауарларының айналымына тыйым салу 2021 жылғы 1 қаңтардан ерте енгізілмейді. Фотокамераларды (кинокамералардан басқа), фотожарқылдар мен жарқыл-шамдарды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға келетін болсақ, таңбаланбаған тауарлардың айналымына тыйым салу 2020 жылғы 1 қазаннан ертерек енгізілмейді. Шиналар мен жаңа пневматикалық резеңке доңғалақ тыстарына қатысты таңбаланбаған тауарлар айналымы 2020 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей енгізіледі. Таңбаланбаған әтірлер мен иіссулардың айналымына тыйым салу 2020 жылғы 1 қазаннан ерте енгізілмейді.

ЕЭК Кеңесі Комиссия Алқасына мүше мемлекеттермен бірлесіп, ЕАЭО мүше мемлекеттері ұсынған позицияларды ескере отырып, 2020 жылғы 1 наурызға дейін Одақ елдерінің аумағында халықаралық роумингте әділетті тарифтерді енгізу үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру туралы ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

ЕЭК Кеңесі «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру бойынша пилоттық жобаны одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкім қабылдады.

Пилоттық жобаның басты міндеті техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтау және олардың айналысын шектеу бойынша қадағалау жұмысы шеңберінде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын байқаудан өткізу болып табылады.

Пилоттық жобаның қорытындылары Одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесінде көзделген «Қауіпті өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану» жалпы процесін одан әрі іске асыруды қамтамасыз ету үшін негіз болуға тиіс.

Кеңестің өкімімен Одақтың интеграцияланған жүйесін мемлекетаралық тестілеу контурында пилоттық жобаны тесттік пайдалануды жүргізу мерзімдерін ұзарту және Одақтың интеграцияланған жүйесінің өнімді контурында пилоттық режимде хабардар ету жүйесінің жұмыс істеуі, сондай – ақ мақсаты Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, техникалық реттеу саласындағы мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылатын пилоттық жобаны іске асыру қорытындылары бойынша шаралар қабылдау көзделеді.

Қауіпті өнім туралы хабардар ету жүйесі ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесінің шеңберінде құрылатын болады. Оның қатысушылары сондай-ақ мемлекеттік бақылау (қадағалау) іс-шараларының нәтижелері; анықталған бұзушылықтардың теріс салдарын жою жөніндегі шаралар; сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз немесе олар және т.б. туралы мәліметтерсіз Одақ техрегламенттерінің талаптарына сәйкестігін міндетті бағалауға жататын өнімді өткізу жағдайлары туралы хабарлай алады. Сөйтіп, Одақтың қандай да бір елінің нарығында анықталған, ЕАЭО техрегламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін қауіпті өнім бойынша оны ЕАЭО-ның барлық аумағында айналыстан алып тастағанға дейін шаралар қабылданатын болады.

ЕЭК Кеңесі «Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарының орындалу мониторингі және Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізу туралы есебінің қорытындысы бойынша қабылданатын шаралар туралы» өкім қабылдады.

Өкімде көзделген іс-шаралар бірыңғай міндетті талаптарды келісу және жетілдіру процесіне немқұрайлы қарауды болдырмауға, практикалық өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Ұлттық деңгейде барлық мүдделі қатысушылардың жобаларын қарауға тартудың шынайы механизмдерін құру және ведомствоаралық келіспеушіліктер кезінде бірыңғай позиция тұжырымдау көп мәртелі, көбінесе қосарлас келісулерді болдырмауға көмектеседі.

Сондай-ақ, ЕЭК Кеңесі Комиссия Алқасына мүше мемлекеттермен бірлесіп, Техникалық регламенттерді әзірлеу тәртібін түзету және әзірлеу рәсімдерін оңтайландыру мақсатында оларға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.

ЕЭК Кеңесі сондай-ақ парфюмерлік-косметикалық өнімге арналған техрегламентке өзгерістер енгізуді көздейтін ЕАЭО техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарына өзгеріс енгізді.

Өзгерістерді Беларусь Республикасы парфюмерлік-косметикалық өнімді қолдану және сәйкестендіру саласын нақтылау, ингредиенттердің токсикологиялық сипаттамаларын талдау негізінде алынған өнімнің токсикологиялық көрсеткіштеріне қойылатын талаптарды белгілеу, бір мезгілде бірнеше техникалық регламенттердің қолданысы аясына түсетін өнімнің таңбалануына және сәйкестігін бағалауға қойылатын талаптарды белгілеу, in vitro (жануарларды пайдаланбай) шырышты балама әдістерімен тітіркендіргіш әсерді бағалауды белгілеу, орауға қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында даярлайтын болады.

ЕЭК Кеңесі ЕЭК Алқасына темір жолдың жылжымалы құрамының жекелеген түрлеріне қатысты Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешімімен белгіленген өтпелі кезеңді 2030 жылғы 2 тамызға дейін ұзарту жөніндегі Ресей Федерациясының ұсынысын жеке кеңесте қарауды қамтамасыз етуге тапсырма берді. Бұл зымыран отынының компоненттерін, «Росатом» мемлекеттік корпорациясының арнайы жүктерін тасымалдау үшін жылжымалы темір жол құрамын айналысқа шығару, қарулы қарауылдар мен арнайы жүктерді алып жүретін персоналдың, Ресей Федерациясы Қарулы күштерінде пайдаланылатын арнайы темір жол жылжымалы құрамының жүріс-тұрысы мақсатында жасалады.​