Жүйеге кіру
ЕЭК Кәсіпкерлік қызмет департаменті директорының орынбасары С. Әлиев интелектуалдық меншік саласындағы мәселелер туралы бірқатар кездесулер өткізді.

ЕЭК Кәсіпкерлік қызмет департаменті директорының орынбасары С. Әлиев интелектуалдық меншік саласындағы мәселелер туралы бірқатар кездесулер өткізді.

19.12.2012

13-14 желтоқсанда Астана қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия Кәсіпкерлік қызмет департаменті директорының орынбасары Самат Әлиев зияткерлік меншік құқығын қорғау және сақтау саласындағы халықаралық келісім-шарттар жобаларын жетілдіруге байланысты мәселелер бойынша бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.

Самат Әлиевтің Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдинамен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік комитетінің төрағасы Абзал Естаевпен, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің құрылымдық тармақ басшыларымен, сондай-ақ қазақстандық бизнес өкілдерімен кездесулері болып өтті.

Өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша Авторлық және аралас құқықты ұжымдық негізде бірыңғай басқару тәртібі туралы келісім және Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері мен Біртұтас экономикалық кеңістік мемлекеттері аумағында тауарлардың шығу жерінің атауы туралы келісім-шарт жобаларына қатысты нақты проблемалық мәселелер бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

Бұлардан бөлек, БЭК елдері аумағында шығармаларды жеке пайдаланудың жеке түрлері үшін бірыңғай ең төменгі авторлық сыйақы құнын бекіту ұсынысы талқыланды. Бұл ұсыныс авторлардың меншік құқығын ұжымдық басқару саласында қазақстандық ұйымдардың қолдауына ие болды.