Жүйеге кіру
ЕАЭО мен Қытай Одақ және ҚХР кедендік шекаралары арқылы тасымалданатын тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісімді іске асыруды бастады

ЕАЭО мен Қытай Одақ және ҚХР кедендік шекаралары арқылы тасымалданатын тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісімді іске асыруды бастады

19.12.2019

ЕАЭО және ҚХР кедендік шекаралары арқылы тасымалданатын тауарлар мен халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісімді іске асырудың бірінші кезеңінде ақпаратпен алмасу тәртібін айқындайтын Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары мен Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Бас кеден басқармасы арасындағы хаттама жобасымен келісімді іске асыру жөніндегі келіссөздердің Харбиндегі бірінші раунды барысында Одақтың және ҚХР-дың делегациялары тұтастай алғанда келісті.

Одақ делегациясын басқарған Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Бактыбек Байсеркеев Ақпарат алмасу туралы хаттама жасасу Келісімді іске асыру жөніндегі маңызды қадам болып табылатынын атап өтті. «Келісімнің күшіне енуін күтпестен, хаттаманы алдын ала әзірлеуге кіріскеніміз өте маңызды. Хаттамамен жұмыстың алдын ала басталуы іске асырудың барлық техникалық аспектілерін сапалы пысықтауға мүмкіндік береді», – деп атап көрсетті Бактыбек Байсеркеев.

Тараптар келісімге сәйкес ақпарат алмасуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын Қытай Халық Республикасының кедендік ақпаратпен алмасу платформасының және Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің таныстырылымын өткізді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, мәліметтер құрамын қоса алғанда, Ақпарат алмасу туралы хаттаманың жобасы тұтастай келісілді. 2020 жылы Ресей Федерациясында өткізу жоспарланып отырған келіссөздердің келесі раунды барысында оны келісуді аяқтау туралы шешім қабылданды.

Тараптар ақпарат алмасудың техникалық шарттарының құрылымы бойынша консенсусқа келді, олардың мағыналық толықтырылуы бойынша өзара түсіністікке қол жеткізді. Техникалық шарттар жобасын әзірлегеннен кейін техникалық мамандар оны келісуге тиіс.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы тасымалданатын тауарлар мен халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісімге 2019 жылғы 6 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумы шеңберінде қол қойылды.

Бүгінгі таңда Одақ елдерінде келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталуда.

Келісім Одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасындағы жеке хаттамаларға сәйкес ақпарат алмасуды кезең-кезеңімен іске асыруды көздейді. Осы хаттамаларда мәліметтердің көлемі мен құрамы, сондай-ақ ақпарат алмасудың техникалық шарттары айқындалатын болады. Мұндай бірінші хаттамаға келісім күшіне енген күннен бастап 18 айдан кейін қол қойылуға тиіс.

Келісімге сәйкес тауарлар мен көлік құралдары туралы тұрақты шоғырландырылған ақпарат алмасуды ұйымдастыру:

- Одақ пен ҚХР кедендік аумағына әкелінетін тауарларға, сондай-ақ транзитпен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жүргізуді жеделдетуді;

- тәуекелдерді басқару саласындағы тиімділікті арттыру және кедендік бақылау нысандарын жетілдіру үшін алынған деректерді пайдалануды;

- кедендік бақылаудан жалтарумен әлеуетті қауіпті тауарларды әкелуге байланысты тәуекелдерді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басқа да тәуекелдерді төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.​