Жүйеге кіру
Цифрлық бастамаларға арналған өтінімнің нысаны пайда болды

Цифрлық бастамаларға арналған өтінімнің нысаны пайда болды

19.02.2018

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) цифрлық күн тәртібі шеңберінде бастамашылардың (бизнес немесе мемлекеттік билік органдарының өкілдері) ұсынуы және іске асыруы мүмкін бастамалар немесе жобалар туралы ақпаратты ұсыну форматын бекітті.

Бастамашы өтінім қалдыру үшін таяу күндері жұмыс істей бастайтын Одақтың порталындағы арнайы Интернет-ресурста тіркелу керек. Бастамашы 11 ақпараттық блоктан құралатын онлайн-нысанды толтыру керек. Әрбір блок сұрақтардан тұрады, оларға жауап беру арқылы бастаманың өзектілігін, пысықталу дәрежесін, болжалды  ресурс шығындылығын, интеграциялық бағдарлылығын және т.б. бағалауға болады.

Идеяның мәні, проблематиканың маңыздылығы және оны іске асыру жолдары “Мүдделі тараптардың проблемалары мен қажеттіліктері” және “Ұсыныстың мақсаты мен шешімі” ақпараттық блоктарында сипатталады. Қалған ақпараттық блоктар бастаманың мазмұнын ашу үшін толтырылады. Олардың ішінде – қазіргі бар баламалар, тәуекелдер, мақсатқа қол жеткізу нәтижелері/критерийлері, өзекті әріптестер, бюджет/шығыстар және т.б. Одан әрі бастамашы өз сұрауының ағымдағы мәртебесін қадағалап отыра алады.

Комиссия Одақ елдерінің бизнес өкілдерін, консорциумдарды, билік органдарын цифрлық бастамалар ұсынуға шақырады, олардың мақсаты – мүше мемлекеттердің экономикасын дамыту.