Жүйеге кіру
Тигран Саркисян: «Интеграциялық бірлестік ретіндегі ЕАЭО болашағы – бұл, ең алдымен, дамудың стратегиялық міндеттерін іске асыру»

Тигран Саркисян: «Интеграциялық бірлестік ретіндегі ЕАЭО болашағы – бұл, ең алдымен, дамудың стратегиялық міндеттерін іске асыру»

19.10.2017

Венада (Австрия) Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік жөніндегі ұйымның (ЕЫҚҰ) Тұрақты кеңесінің отырысында сөз сөйлегенде, «Барлық қатысушылардың мүдделерін құрметтеу және ескеру – біздің Одақтың барлық елдері үшін қолайлы болатын шешімдерді қабылдауға, және де біздің стратегиялық артықшылықтарымызды максималды дәрежеде пайдалануымызға мүмкіндік туғызатын ЕАЭО институционалдық тұғыры», – деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының  Төрағасы Тигран Саркисян. Тигран Саркисян еуразиялық интеграциялық бірлестіктің экономикалық басымдықтарына, үшінші елдермен және де халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына тоқтала кетті, сондай-ақ ЕЫҚҰ ынтымақтасу мүмкіндігіне деген өзінің көзқарасын ұсынды.

Кейінірек, ЕЫҚҰ бас хатшысы Томас Гремингермен кездесу барысында,  ЕЭК Алқасының Төрағасы «екінші себет», яғни экономикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты тақырыптар пакетінің шеңберінде Тұрақты кеңеспен, ЕЫҚҰ бас хатшысының хатшылығымен және ЕЫҚҰ басқа да құрылымдарымен ЕЭК диалогының практикалық аспектілерін талқылады. Томас Гремингер 2018 жылғы қаңтарда ЕЫҚҰ желеуімен өткізілетін цифрлық саммитке Комиссияның өкілдерін шақырды. Ұйымның құрылымдарында төрағалық ететін ел (Италия) кең ауқымды форумның ұйымдастырушысы ретінде болады.

«ЕАЭО дамытудың күн тәртібі 2025 жылға дейін айқындалған және Одақтың айқын бәсекелес артықшылықтары, яғни транзиттік, индустриялық және зияткерлік әлеуеттерді, шикізат және табиғи ресурстардың алуан-түрлілігі,  180 млн адамнан астам нарықтың ауқымы және өзара араласудың қарапайымдылығы есепке алына отырып қалыптастырылған, – деді Тигран Саркисян өзінің баяндамасында. – Қытайдың «Жібек жолының Экономикалық белдеуі» (ЖЖЭБ) бастамасымен түйіндесуді қамтамасыз ететін жобалар, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің экономикаларын цифрлық трансформациялау жөніндегі бастамалар біздің алға жылжуымыздың шешуші векторлары болады».

ЕЭК Алқасының Төрағасы ЕАЭО дамуы мен ЖЖЭБ шеңберінде  жобалардың іске асырылуы бірін-бірі белсенді түрде өзара толықтырып отыратындығына сенімді. Қазіргі уақытта жұмыс жүргізіліп жатқан сауда-экономикалық келісім ҚХР мен Одақтағы елдердің өзара іс-қимылының институционалдық негізі болады. Тигран Саркисян ЕАЭО мен ҚХР ғана емес, сонымен бірге Еуропа да жемісін пайдалана алатындай, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларына ерекше назар аудартты. Бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру, трансшекаралық дәліздерді құру жүк тасымалдарының тиімділігін жоғарылатады, әрі іскерлік серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер құрады.

Тигран Саркисянның пікірінше, мемлекет пен бизнестің барлық қызмет салаларын цифрландыру ЕАЭО дамытудың тағы бір трансшекаралық және кросс-салалық бағыты болады.  ЕАЭО цифрлық күн тәртібі басқару сапасын жоғарылатуға, инновациялар мен жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік туғызатын болады, сөйтіп, Одақтағы елдердің де, және жалпы алғанда интеграциялық бірлестіктің де бәсекелестік артықшылықтарын күшейтеді. Сонымен бірге, оның жаһандығы диалогтың кеңістігін кеңейте түсіп, қазіргі таңда баршаға қол жетпестей болып көрінетін қарама-қайшылықтардың өзара тиімді шешімдерін табуға мүмкіндік береді.
 
ЕЫҚҰ мен ЕАЭО құрудағы мақсаттардың ұқсастығын айта келе – елдер мен халықтарды дамыту үшін лайықты жағдайларды қамтамасыз ету, – ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Комиссия мен ЕЫҚҰ одан әрі сындарлы ынтымақтастығының маңыздылығы туралы қайтадан мәлімдеді. Тигран Саркисянның ЕЫҚҰ бас хатшысы Томас Гремингермен жұмыс кездесуінің барысында өзара іс-қимылдың практикалық мәселелері талқыланды. Тараптар бірлескен іс-қимылдар бағдарламасын дайындауға уағдаласты. Томас Гремингер 2018 жылғы қаңтарда ЕЫҚҰ желеуімен өткізілетін цифрлық саммитке Комиссияның өкілдерін шақырды. «Біздің ұйымдардың қызметіндегі экономикалық және гуманитарлық өлшемдердің қаншама түйіндесу нүктелері бар, яғни біздің байланыстарымызды тереңдете түсуге арналған мүмкіндіктерді елемеу кешірместей іс болар еді», – деп мәлімдеді кездесудің қорытындысында ЕЭК Алқасының Төрағасы.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның ЕЫҚҰ Тұрақты Кеңесінің отырысындағы сөйлеген сөзінің тағы бір маңызды қорытындысы болған Еуропалық комиссия (ЕК) өкілінің техникалық реттеу және өзара сауда сияқты бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жасауға даярлық туралы мәлімдемесі болды. ЕК өкілі бұл ортақ мүдделер екендігіне сенімді. Қазіргі уақытта ЕЭК пен ЕК арасындағы техникалық диалог туралы айтуға болатындығы да айтылды. ​